Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
4697 15 пікір 26 Сәуір, 2019 сағат 10:34

Өзбекстан премьер-министрі Георгий лентасының таралуын сынға алды

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Жеңіс күні қарсаңында елінде Георгий лентасының кең таралуын сынға алды.

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов видеоселекторлық жиналыс өткізіп, 9 мамыр Еске алу және құрмет көрсету күні қарсаңында қарамағындағыларға арнайы тапсырма берген.

Арипов "Фейсбук арқылы Өзбекстан туымен челлендж өткізіп, оған Шахзода және Райхон секілді әншілерді, спортшыларды, ораторлар мен ғалымдарды да тартуды тапсырған", - деп жазады жергілікті БАҚ.

Сонымен бірге Арипов георгий лентасының орнына Өзбекстан туымен түстес 100 мың лента жасап, таратуды ұсынған.

Өзбекстанда георгий лентасына тыйым салуға өзбекстандық тарихшылардың Ресей патшалығының отарлау саясаты кезінде елдерді басып алуға атсалысқан генерал, офицерлерге Қасиетті Гоергий орденімен лента берген деген уәжі себеп болған.

Өзбекстанда биыл Герман-Совет соғысындағы жеңістің 74 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге 7 500 000 сум ($900) сыйақы берілмек. Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда бүгінде 878 ардагер өмір сүріп жатыр.

Abai.kz

15 пікір