Жұма, 26 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 6579 21 пікір 26 Сәуір, 2019 сағат 10:15

Украина Радасы: "Қош бол, орыс тілі!"

Орысша тілдік ахуалдан арылудың жаңа жолын таңдаған Украина үш жылға созылға айтыс-тартыстан кейін 25 сәуірде Киевте 2082 түрлі өзгерту енгізілген құжатты екінші оқылымда 278 халық қалаулысының қолдауымен "Украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз қызметін атқаруы туралы» Заңын қабылданды.

Осы түзетулер мен өзгерістерді қалт жібермей қадағалау үшін құрылған «Профилдік комитеттің» басшысы Николай Княжицкий Рада мінберінен: "Біздің бұл заңымыз ешбір ұлттық азшылықты жәбірлемейді... Біз барша азаматтардың өз үйінде жүргендей сезінуіне қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Халық депутаттары ұсынған көптеген түзетулерді ескердік... Біз заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуды енгізуді үш жылға шегердік. Осы уақыттың ішінде барлық облыстарда украин тілінде оқытатын орталықтар құрылатын болады... Бұл заң украин тілін армияға енгізеді, егер әскерилер арасында әлдекім украинша сөйлей алмайтын болса, оған еш жаза қолданылмайды. Өйткені, украин әскерилері қазіргі кезде украинша ғана сөйлегенді хош көреді", - деп мәлімдеді.

Николай Княжицкий: «Әрі бұл «Тіл туралы заң» емес, тек мемлекеттік тілдің өз салтанатын құруына арналған заңнама» деді сөзінің соңында.

Бұл құжат Украина азаматтарының мемлекеттік тілін мемлекеттік билік органдарында, Қырым Автономиялық Республикасының билік органдарында, Украин жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда, өзге де мемлекеттік және коммуналдық меншік түрінде шаруашылық жүргізетін субъектілерде қолданылуын реттейтін болады.

Бұл құжатта сонымен бірге украин тілін бұқаралық салаларда: Білім мен ғылымда; мәдениет саласында; теле-радио хабарларда; БАҚ; кітап басу мен кітап таратуда; электронды ақпараттық жүйеде; тұтынушыларға қызмет көрсету саласында; спорт, телекоммуникация мен пошта байланысы, заңгерлік қызмет, денсаулық сақтау, көлік; топонимдерді белгілеуде, жарнамада, маңдайшалар мен жазушыларды дайындауда; қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың іс-әрекетінде, жекеменшік субъектілерінің тауарлары мен көрсететін қызметтерінде қолданылуы да қарастырылған.

Түйін

Біздің депутаттар тілдік жағдайы бізден де қиын жағдайда қалса да орекеңе жалтақтамайтын украин халық қалаулылары тәжірибесінен үйренуге ниет етсе ғой деген қиялға беріледі екенсің. Әрі дәл осындай құжатқа қазақтың қолы қашан жетеді деген ойға да қаласың?

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

21 пікір