Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4368 0 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 17:54

Кәсіподақтар федерациясы қолға алған игі шара

Бәріміз білетіндей, 27 ақпан Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Бұл съезд партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Съезде Елбасының бастамасымен бірқатар маңызды мәселелерге байланысты шешім қабылданды.

Елдегі бас партияның басты жиналысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Әсіресе ел халқының еңсесін көтеріп, тұрмыстық өресін көтеру мақсатында алға қойған ұсыныстары көп көңілінен шықты. Атап айтқанда, көпбалалы аналарға жағдай жасау мақсатында қолға алынған көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын 21 мың теңгеге көтеруді тапсырды.

Елбасының айтуынша, елімізде 340 мыңнан астам отбасында кемінде төрт бала бар. Жыл сайын баласы бар отбасыларды қолдауға 500 миллиард теңге бөлінеді.

Осы бастамаға үн қосу аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы да көпбалалы аналарға көмек қолын созудың жаңа жүйесін іске қосыт. ҚРКФ төрағасы Б.Әбдірайымның қатысуымен «Жаңақорған» шипажайының басшылығы мен кәсіподағы арасындағы ұжымдық шартына еңбек және әлеуметтік қатынастарын реттеу мақсатында көп балалы аналарға қолдау көрсетуге өзгерістермен толықтырулар жасалды.

Атап айтқанда көп балалы аналарға және жалғыз басты аналарға жыл сайын Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай жалақының ең төменгі мөлшерінің екі еселенген мөлшері берілетін болады. Сонымен қатар шипажайдың қызметкерлері әр туылған баласына жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде көмек алады.

Б.Әбдірайым мырзаның айтуынша, жұмысшылардың еңбек құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында кәсіподақ әрдайым қол ұшын беруге дайын. Бұған дейін Қызылорда және Түркістан облыстары әкімдігімен Кәсіподақтар федерациясы арасында еңбекшілердің жағдайын жақсартуға бағытталған меморандумға қол қойылған. Бұл бастама өз жағасын табатыны сөзсіз.. Алдағы уақытта мұндай шаралар басқа да кәсіпорындарда қолға алынатын көрінеді.

Айта кетерлігі, Жаңақорған шипажайында 218 қызметкер еңбек етеді. Ұжымдағы көп балалы 50 ана бар болса, оның ішінде 9-ы жалғыз басты аналар. Кәсіпорын еңбеккерлері бұл хабарды қуанышпен қабылдады. Бұндай игі шаралар ҚР Кәсіподақтар федерациясы тарапынан әлі де жүзеге асатын болады.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3520