Сенбі, 20 Сәуір 2024
3062 0 пікір 3 Сәуір, 2019 сағат 10:00

АҚШ Түркияға қару-жарақ жеткізуді доғарады

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Вашингтонның Түркияға F-35 жойғышына жабдық жеткізуді тоқтатынын мәлімдеді. Бұл Анкараның ресейлік С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алуына байланысты жауабы болды.

Түркия 2017 жылы Ресеймен С-400 зымыран кешенін сатып алу жөнінде келісімге келген. Бірақ былтыр жыл соңында Анкара АҚШ-тан Patriot зымыран кешенін үш жарым млрд долларға сатып алған.

АҚШ және НАТО өкілдері Түркияға бірнеше рет ескерту жасап, ресейлік зымыран жүйесі НАТО-ның зымыранға қарсы қорғанысымен бірлесіп жұмыс істей алмайды деген. Вашингтон Анкараны Ресей қару-жарағынан бас тартады деп үміттенді. Бірақ Түркия билігі америкалық зенит-зымыран кешені Ресейдің С-400 жүйесін алмастыра алмайды деді.

Енді АҚШ-тың жоғарыдағы шешімі Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуның осы аптада Вашингтонға НАТО саммитіне қатысу үшін жоспарланған сапарын қиындатуы мүмкін. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның Ресеймен қарым-қатынасы күн тәртібінде бірінші кезекте қаралады деп мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір