Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3164 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 05:41

Мүмкіндіктері шектеулі балалар өз аналарына арнап мереке ұйымдастырды - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН.  1 маусым. ҚазАқпарат  /Сандуғаш Дүйсенова/ -     Алматы  облыстық  оңалту  орталығының  мүмкіндіктері  шектеулі  балалары     өз аналарына арнап  «Әрқашан күн сөнбесін!»  атты  мереке  ұйымдастырды.

Орталықтың   директоры    Ләззат Әбдрахманованың    хабарлауынша,   бұл балалар   -  ерекше    балалар, сондықтан да  мерекелік  іс-шараға  олар   ұзақ әзірленді.

Сахнаға шығардың   алдында   олар  қатты толқыды.   Бұл шара -   өз өнерлерін  ортаға салған   балалар үшін де,     оларды   мақтан  еткен     ата-аналар  үшін де  үлкен  мереке  болды.    9 жасар  Айдана Молдахметова   өзінің сүйікті әнін   орындаса,  Ангелина Найденова мен  Қуаныш Базылбаев лезгин биін  биледі,  ал  Илья Михнович пен  Надя Бондаренко  орыстың  халық әнін    шырқады.    Кіші  жастағы  «Жалын»  тобының   бүлдіршіндері   «Теңізші»   және  «Көңілді  балапандар» билерін  биледі.

«Біз осындай  шаралар арқылы  балаларды да, олардың   ата-аналарын  жақындастыра түскіміз келеді», - дейді  Ләззат  Әбдрахманова.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590