Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3065 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 05:37

БҚО-да ақбөкендердің қырылуына пастереллез себеп болды

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің қырылуына пастереллез себеп болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Облыстық ветеринарлық зертханадан №520-524 сараптама актісі алынды және «пастереллез» деген қорытынды берілді»,  - делінген бүгін таратылған ведомствоның ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов соңғы деректер бойынша 360 ақбөкен аналығының және 82 лағының өлексесі табылғандығын жария еткен еді. «Қазіргі уақытта бізде пастереллез ауруы болуы мүмкін деген ой қалыптасты. Дегенмен флорадан, яғни шөптен де улану ықтималдығы жоғары», - деді ол.

Қазіргі уақытта киіктердің қырылуына не себеп болғандығын қазақстандық-ресейлік ғалымдар зерттеп жатқандығын айтқан әкім: «Біз зертханалық зерттеу арқылы себебін анықтағымыз келеді. Өткен жылы пастереллез себеп болғандығын дәлелдеген еді. Ағымдағы жылы да алғашқы зерттеу жұмыстары пастереллездің себеп болғандығын нақтылайды. Дегенмен барлық белгілер улануға да ұқсайды», - деп атап көрсеткен болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616