Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3359 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 05:36

Қазғарыш делегациясы БҰҰ комитетінің кезекті сессиясына қатысады

АСТАНА.    1 маусым. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін  Венада  Біріккен  Ұлттар Ұйымының   Ғарыш  кеңістігін бейбіт мақсатта  пайдалану жөніндегі комитетінің (COPUOS)   54-ші  сессиясы  басталады.

Оның  жұмысына     Қазғарыш  төрағасы Талғат  Мұсабаев  бастап барған     Ұлттық  ғарыш  агенттігінің  делегациясы    қатысады.

Ұлттық ғарыш  агенттігінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,   делегация  құрамына   Қазғарыштың ведомстволық  кәсіпорындарының басшылары  - «Қазақстан  Ғарыш  Сапары»  Ұлттық компаниясының президенті    Ғабдуллатиф  Мұрзақұлов   және  «Ғарыштық   зерттеулер  және   технологиялар   ұлттық орталығы»  акционерлік қоғамының президенті  Жұмабек Жантаев кіріп  отыр.

БҰҰ  комитетінің     биылғы  сессиясы екі бірдей мерейтойға, атап айтқанда,  адамзаттың ғарышқа  тұңғыш  сапарының   50 жылдығына  және    Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта  пайдалану  жөніндегі комитеттің  құрылуының 50  жылдығына  арналып  отыр.

Қазғарыш  басшысы Т.Мұсабаев  COPUOS сессиясында  құттықтау көз сөйлейді  және   Қазақстанның ғарыш  саласының  дамуы  туралы баяндама жасайды   деп  жоспарлануда.

Біріккен  Ұлттар Ұйымының   Ғарыш  кеңістігін бейбіт мақсатта  пайдалану жөніндегі комитетіне   Ұйымға мүше  69 мемлекет кіреді.

0 пікір