Жұма, 29 Наурыз 2024
Дін мен тін 14171 21 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 09:42

Ресей қазақтың жанды жеріне тиюдің жаңа амалын тапты

Жақын көршіміз Ресей қазақтың жанды жеріне тиюдің жаңа амалын тапты. Олар енді Қазақстанда православтардың қуғынға ұшырап, қысым көріп жатқанын айтып, ақпараттық тұрғыда сандырақтай бастады. 2018 жылдың басында «Русский дозор» сайтында «О русофобии и гонениях на православие в Казахстане» атты мақала жарық көрді.

Мақала авторы "2011 жылдан бастап түрмелердегі шоқыну орындары жабылды" деп дабыл қағып, сөзінің соңын: «… есть все основания опасаться, что православные Казахстана, составляющие более четверти населения этой республики, включая 3,5 миллиона этнических русских, оказываются перед угрозой культурного геноцида, что требует серьезной реакции как от самой России, так и от международного сообщества, если это понятие еще имеет какой-то смысл» деп түйіндейді.

Ал, 2019 жылдың 21 наурызында жарық көрген «Крещение «Казахской Орды» мақаласының авторы ТМД Елдері Институтының ОПШ (Орыс Православ Шіркеуі) және шет елдердегі православ қауымдастықтарымен байланыс бөлімінің басшысы Кирилл Александрович Фролов болса: «Казахстан для православных русских — это святая земля, исконно принадлежавшая России, освоенная русскими казаками, построившими города Верный, Гурьев, Петропавловск и многие другие, обагренная кровью многих святых Новомучеников и Исповедников Русской Земли и освященная подвигом таких столпов Русской Церкви двадцатого века, как митрополит Иосиф (Чернов).

Республика Казахстан создана на русских землях большевиками.

Нурсултан Назарбаев построил эффективное, но этнократическое государство. При нем Казахстан покинуло 4 миллиона русских, произошло массовое уничтожение русских географических названий, алфавит казахского языка переводится на латиницу. Все это должно лишить русский народ исторической памяти и национального самосознания.

Нурсултан Назарбаев внешне лоялен Русской Православной Церкви (ходят слухи, что даже тайно крещен с именем Николай), но Церковь связана по рукам и ногам жестким законодательством, запрещающим ей всякую миссионерскую деятельность. Это законодательство направлено против салафизма и «ИГИЛ» (запрещенная в РФ террористическая организация), но «рикошетит» по Русской Церкви.

Эти факты должен знать и помнить каждый православный русский человек, в Казахстане в особенности» деп сәугейсиді.

Ресейлік «Мир» телеарнасы көрсеткен «Кірешендегі» суға шомылушы қандастарымыз ТМД Елдері Институтының ОПШ және шет елдердегі православ қауымдастықтарымен байланыс бөліміндегі кейбіреулерге қазақты шоқындыруға болады деп ой салған тәрізді. Осындай пікірдегілер бір кездері зорлықпен шоқындырылған түркі ұлттары саха мен чуваштардың бүгіндері бабалар дініне бет бұрып, православиеден бас тартушылығы тарихи оқиғасын ауызға алмайды.

Әрі "дін таратуға Заңмен тосқауыл қойылды" деп зарлайды қазақты орыс шіркеуінің мүскіні етуді көздеушілер. Діни радикализм тек исламға ғана тән, ОПШ одан ада деушілердің көздегені діни жік салу.

Бұл орайда егер ертеңімізді ойлайтын болсақ, онда ҰҚК өз медорталығы бар «Общество православных врачей Казахстана», «Союз православных граждан Казахстана», «Православная обитель «Милосердие» сынды орындарды тексеріп, жабатын уақыт жетті.

Естеріңізде болса, 2009 жылы Қазақстан православ шіркеуі Құдайға құлшылық етуді қазақша жүргізуді көтеріп, осы құйтырқы әрекетке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тосқауыл қойған еді.

Шынымен осындай шу неден шықты? Әрине, украиндардың Константинополь патриархатына қарауынан шыққаны белгілі. Біз діни тәуелсіздік алғанымызбен ұлттық құрамдас этникалық бөлігіміз болып саналатын біздегі орыс Иса мәсіхшілері Мәскеу патриархатына қарайды. Ал, Мәскеу оларға дінді бетперде етіп, өз империялық кеудемсоқтығын таңады. Тиісерге қара таппай жүрген Ресей агрессорлығы бізде діни экспансияға ұласып, ішкі конфессиялық діни конфликті болмас үшін Украинадағы сияқты Орталық Азиядағы барша митрополиялық округтерді Константинопольге қаратудың жалпы алаштық референдумы керек. Бұдан өз жерінде Мәскеу патриархатына қарайтын жергілікті митрополиялық округтері бар өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз ағайындар тыс қалмауы қажет.

Басты мақсат Орталық Азиядағы мұсылман жұртшылығы жергілікті митрополиялық округтерді Константинопольге қаратудың аймақтық референдумын өткізіп, орыс діни экспанциясына тосқауыл қоюды жүзеге асыруы тарихи міндет.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

 

21 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594