Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5132 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 07:33

2010 жылы Алматының бюджеттік түсімдері 327 318 659 мың теңгені құрады - қалалық мәслихаттың сессиясы

АЛМАТЫ. 31 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда IV сайланған  қалалық мәслихаттың 42-сессиясы өтті.

Оған 37 депутаттың 27-сі қатысты. Сессияның күн тәртібінде алдымен «Алматы қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі есеп» қаралды. Қалалық қаржы басқармасының бастығы Айман Әбдіқадырованың айтуынша, 2010 қалалық бюджеттің түсімі 327 318 659 мың теңгені құраған. Оның 170 911 870 мыңы - салықтық, 1 655 930 мыңы - салықтан тыс, 5 372 168 мыңы - негізгі капиталды сатудан, 134 518 691 мыңы ресми трансферттердің түсімдері болды. Шығындар - 296 096 492 мың теңгені, таза бюджеттік несиелендіру - 350 590 мың, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -13 545 605 мың, бюджет тапшылығы  17 325 973 мың теңгені құрап отыр.

«Былтыр мемлекеттік бюджет жоспары Алматы қаласы бойынша 102,7 пайызға орындалды. Жоспарланған 869 975 168 мың теңгенің  орнына 893 148 352 мың теңге түсті. Соның нәтижесінде ҚР  Мемлекеттік бюджеті түсімдеріндегі Алматы қаласының үлесі 24,4 пайызды құрады», - дейді Айман Нұрқасымова.

0 пікір