Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3262 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 07:24

Елордада «Перинатальдық медицинадағы қазіргі заманғы технологиялар» атты конференция өтуде

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау Министрі Салидат Қайырбекованың қатысуымен «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ базасында «Перинатальдық медицинадағы қазіргі заманғы технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады,деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғылыми іс-шараға алыс және жақын шетелдерден келген, жүкті әйелдер мен жаңа туылған сәбилерге медициналық көмек көрсететін 300-ден астам мамандар қатысуда. Олардың ішінде Австрия перинатальдық медицина қоғамының бас хатшысы Кристиан Дадак, Калифорния медицина университетінің жаңа туған нәрестелер қарқынды терапиясы бөлімшесінің басшысы Марк Андервуд, Штада клиникасының педиатрия департаментінің басшысы Ульрих Раппен және басқа да қонақтар бар.

Осы ірі ғылыми шараның тақырыбы қазіргі заманғы неонатологияның, педиатрияның, акушерияның көкейкесті мәселелерін қамтыған. Конференция барысында перинатальдық медицина саласындағы атақты мамандар өз білімдерін казақстандық дәрігерлермен бөлісуде. Конференцияда алғаш рет әртүрлі бейінді, бірақ ортақ проблемамен - жаңа туған нәрестелерді диагностикалаумен, емдеумен және күтумен айналысатын мамандардың арасындағы өзара тәртіптік қарым-қатынастары сөз болуда. Білім беру курстары барысында жиынға қатысушылар жетекші әлемдік фирмалардың «Күні жетпей туған нәрестелер ретинопиясының диагностикасы» және «Жаңа туған нәрестелердегі аудиологиялық скрининг» тақырыптары бойынша шеберлік-сыныптарымен танысты, әлемге әйгілі мамандардың «Күні жетпей туған нәрестелер ретинопатиясын емдеу», «Жаңа туған нәрестелердің неврологиялық жағдайын бағалаудағы қателіктер», «Жаңа туған нәрестелерді қарқынды түрде күту» сияқты көкейкесті бағыттар бойынша дәрістерін тыңдады. Сонымен бірге, конференция шеңберінде Қазақстан және Австрия арасында шетелдегі перинатальдық қызметті ұйымдастыру туралы телеконференция өткізілді.

Дүниежүзінің жетекші мамандарының қатысуымен осындай конференцияны өткізу перинатальдық медицина саласындағы жаңа жетістіктермен бөлісіп қана қоймай, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында түрлі елдерден келген мамандармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

0 пікір