Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3557 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 01:28

Сайран Сыралғы. «Где-где? В Караганде!» сөзіне ескерткіш қойылды

Қарағанды қаласында кең таралған орыс тіліндегі «Где-где? В Караганде!» сөзорамына арнайы ескерткіш орнатылды. Оның ашылуына ресейлік продюсер Бари Алибасов арнайы келіп қатысты. Ескерткіш қаланың бір мейрамханасы аумағына қойылыпты. Ескерткіш түрлі қалалар атауының көрсеткіші бар жолторапта тұрған екі кісінің тұрқын бейнелейді. Көрсеткіштің бірінде «Караганда» атауы жазылыпты. Ескерткішті орнату бастамасы мен идеясы Бари Алибасов болса, оны жүзеге асырған ресейлік шоумен Олег Назаров көрінеді.

Не дейміз? Ресейлік эстрадашылардың белсенділігі дейміз бе, қазақ өнерпаздарының енжарлығы дейміз бе,орыс тілінің құдыреті дейміз бе, әйтеуір, қазақтың көмір астанасында осындай бір айтулы ескерткіш орын алды. Одан жамандық іздеп байбалам салудан гөрі, біздің осындай азаматтарымыз да елдік ауқымда ойлайтын кезі келген болар дейміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір