Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3453 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 07:46

Жұмамұрат Шәмші. Орыстың өлмелі кемпіріне дейін тәуелсіздігімізді мойындамайды

Өз заманында Мұса пайғамбар еврей халқын 40-жыл артына ертіп, суы жоқ Сахара шөлінде көшіп-қонып өмір сүріпті, сондағы мақсаты халқын құлдық санадан арылту екен.

Өйткені құлдық сана да ауру секілді «мысқалдап кіріп, батпандап шығатынға» ұқсайды. Ең бастысы -ұлан байтақ жерімізде бес мың жыл бойы үзілмеген тарихымыз болғанды, миллиондаған ата-бабамыз тіршілік етіп, мыңдаған хан-патшалар басқарған жүздеген мемлекеттердің дәурен сүргені, әрбір Алаш азаматының қанына сіңіп, көкейіне қонуы қажет. Бірақ, бұл олай емес, ащы болса да -шындық. Қазіргі қазақ қоғамының оңала алмай жатқаны елім деп еңіреген жігіттің қолында мал жоқ, қанша тыраштанғанымен тышқақ лақ таба алмай жүр, қазақ қоғамы - кедей қоғам. Малы барлардың қазақпен ісі жоқ, бұл бүгінгі күннің парадоксы.

Осы келеңсіздікті жою үшін де Кеңес Одағынан қалған «байлық» ұғымына көзқарасымызды күрт өзгертіп, елдің әлеуметтік санасын көтеру ләзім. Қазақтың кедей болатын себебі, байлыққа деген теріс көзқарас шөгіп жатыр, құлдық психологиядан арыла алмағандығымыздың айғағы. Бұл нағыз қазақы сана емес, деформацияға ұшыраған, отарлық езгіден сансыраған аурушаң, дімкәс сана.

Өз заманында Мұса пайғамбар еврей халқын 40-жыл артына ертіп, суы жоқ Сахара шөлінде көшіп-қонып өмір сүріпті, сондағы мақсаты халқын құлдық санадан арылту екен.

Өйткені құлдық сана да ауру секілді «мысқалдап кіріп, батпандап шығатынға» ұқсайды. Ең бастысы -ұлан байтақ жерімізде бес мың жыл бойы үзілмеген тарихымыз болғанды, миллиондаған ата-бабамыз тіршілік етіп, мыңдаған хан-патшалар басқарған жүздеген мемлекеттердің дәурен сүргені, әрбір Алаш азаматының қанына сіңіп, көкейіне қонуы қажет. Бірақ, бұл олай емес, ащы болса да -шындық. Қазіргі қазақ қоғамының оңала алмай жатқаны елім деп еңіреген жігіттің қолында мал жоқ, қанша тыраштанғанымен тышқақ лақ таба алмай жүр, қазақ қоғамы - кедей қоғам. Малы барлардың қазақпен ісі жоқ, бұл бүгінгі күннің парадоксы.

Осы келеңсіздікті жою үшін де Кеңес Одағынан қалған «байлық» ұғымына көзқарасымызды күрт өзгертіп, елдің әлеуметтік санасын көтеру ләзім. Қазақтың кедей болатын себебі, байлыққа деген теріс көзқарас шөгіп жатыр, құлдық психологиядан арыла алмағандығымыздың айғағы. Бұл нағыз қазақы сана емес, деформацияға ұшыраған, отарлық езгіден сансыраған аурушаң, дімкәс сана.

Байлық бәрін шешеді. Тіптен тәуелсіздігіңді де. Байлықты кім иеленсе, соның мерейі үстем - билік соның қолында. Бұл тарихи мың рет дәлелденген шындық. «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін». Олай болса, байлығын, экономикасын өз қолымызға қазақ ұлттының игілігіне ұстау қажеттілік. Қазақстан байлықтарын шетелдіктерге өндіруге берудің қазаққа әкелетін сорақы кесапаты оразан зор.

Байлық жаман емес, байлық -жақсы! Қазақы қисынға салар болсақ, «Жемесең де май жақсы, бермесе де бай жақсы!» Хош, енді байлыққа қалай жетеміз? Байлықты бізге кім береді? Ешкім де бермейді. «Байлықты не аққан терден сұра, не қара жерден сұра»! Бабалар аманаты осы.

Қазақтың атынан әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енген Александр Машкевич Израиль азаматтығын алды, Тель-Авивтен ең үлкен керемет пәтер алып та үлгеріпті. «Мен Изральді өте жақсы көрем, осы жерде бақыттымын»-деп Машкевич Израиль экономикасына аса қомақты инвестиция салмақшы. Міне, бұл әрбір еврейдің борышы секілді, қайда жүрсе де елінің қамын ойлап жүреді. Бізде, керісінше байып алып шетелге қашқандар, күн санап көбеюде.

Өкінішке орай, бүгінгі қазақтың құлдық санасы қанына шейін сіресіп сең болып қалғандығы соншалықты, еш нәрсені сезбейтін дәрежеге жеттік. Ұлттық мүддені ойлайтын адам қалмай жатыр. Тарыдай болып мектеп қабырғасын аттаған қазақ баласы, таудай орыс болып шығады.

Ондайға күнделікті өмірде көзіміз әбден үйренген, етіміз өлген. Тал түсте көшеде қазақтың жігітін қорлап, қызын зорлап жатса да, «әу» дейтін бір қазақ жоқ.

Соңғы уақытта біздің елде тұратын орыс диаспора өкілдері, өз көліктеріне Ресейдің жалауын желбіретіп қоятын болған, ол «Мен орыспын ел басына күн туса, Ресейге қашып кетемін» дегенге саяды. Орыс тілі әдебиетінде «Олег», «Орёл» «Ольга» деген адам аттарын кез келген орыс айта алады, ал біздің «Оспанды - Аспан», «Оралманды - Аралман», «Отырарды - Атырар», «Отарды - Атар» деп өзгертіп алуы қазақ тілін мойындамау, неге? онда «Семейді - Семипалатинск», «Оралды - Уральск», «Өскеменді - Усть-каменогорск» дейтінін қалай түсінсе болады. Павлодар мен Петропавл қаласының атын өзгерту жылдан жылға қалып барады.

Жуырда интернетте Ақтөбелік зейнеткер С.Курмикова зейнетақысы аз болғандықтан, Ресей президенті Д.Медведевке хат жазыпты, бұны қалай түсінуге болады? Орыстың өлмелі кемпіріне дейін, біздің тәуелсіздігімізді мойындамайды, әлі сол 70-жыл бойы бұйырып үйреніп қалғандығы, есіне түсіп кете береді қайтсін байғұс? 2007жылы ғарышқа 69миллион қаржыны арқалап Казсат-№1 ұшырып едік, із-түзсіз жоғалды, ол аз болғандай, енді 2011жыл 29наурызда Казсат-№2 ғарышқа ұшырмақшы түк түсінсем бұйырмасын.

Бізде демократия ешкім ештеңеге жауап бермейді. Ау бұл не деген масқара. Бәріміз де адамбыз. Пендеміз. Күніне басқа неше түрлі ой келеді. Көптеген көріністерді көз алдыңнан өткізесің. Жексенбі күні таңертең тұрып, жуынып шайымды ішіп алып теледидарды қостым. Сол баяғы таусылмайтын шетелдік сериалдар, жанталас сүйіс, қарбалас күйіс, небір анайы көріністер. Бірден басқа арнаға ауыстырдым. Ол да оңып тұрған жоқ, асханада шыр-пыр болып, аузы аузына жұқпай сөйлеп тамақ пісіріп жүрген орыстың қатынын көрдім.

Амалсыз басқа арнаға қостым. Жарнама, тағы қостым, Хабардан «Бетпе-бет» бағдарламасы көсіліп бір сенатор сөйлеп жатыр. Елбасының арқасында Азиада да бірінші орынды егеледік. Жалақымыз аз болса да шыдап жүрміз ел үшін, амал қанша? Елбасы айтты, бітті, дамыған елу елдің қатарына қайтсек те кіреміз. Жауыр болған сөздерге шыдай алмай, теледидарды өшіріп сыртқа беттедім.

Демалыс күндері көлігіме отырып таксис болып адам тасимын. Үйренген әдетіммен Жеңіс даңғылына жете беріп едім, бір қазақ қыз қол былғап тұр, қасына жақындадым. «Мега пятьсот» деген соң отырғызып алдым.

Сарыарқа көшесімен жүрейін бе? десем, - Я не понимаю по казахский, говорите по русский...Я кореянка. деп қояды. Кәріске мүлдем ұқсамайды. Кәріс пен қазақты ажырататын жасқа келгенмін. Одан кейін қолында баласы бар ерлі-зайыпты көлігіме кірді. Әлгі қазақ жігіт өз келіншегіне «Солнце мои бегемотик спить» деп ұйықтап қалған баласын айтып отыр. Осылай бір күнде кемі он қазақты айтқан жеріне апарып тастаймын, мен қазақша олар орысша сөйлейді.Қазақтар қазақ болуды қаламайды, Алаш ұлы болуды армандамайды. Өйткені оған бәрі белгілі әрі түсінікті. Егер ол шынайы қазақ болатын болса, пенде ретінде көп нәрседен құр қалады. Құр қалып қойса жақсы ғой, елге мазақ, жұртқа күлкі болады. Өзге емес тіпті өз қандастары оны «Мәмбет», «Южанин» «Ёжик в тумане» деп артын ашып тарқылдап күледі. Табалайды. Сол үшін қазақ баласы әрқашан қолдан келсе қазақ болмауға тырысады. Соған барын, жанын, арын салады. Өзгеге сіңіп кетуден түк те намыстанбайды, ешқашан арланбайды, керісінше шаттанады. Өйткені өзгеге сіңіп кетудің ұяты мен намысы қазақ болып көретін қорлық пен азаптан әлдеқайда жеңіл! Сондықтан қазақ баласының қолы жеткені ойда орысқа, қырда қытайға сіңіп жатса, қалғаны өзбек,қырғыз, ұйғырға, мұңғұл, кәріс, сығанның құшағына кіріп жатса, таң қалмаңыз. «Мұрнын тартып қойып,бесбармағын жеп отыра береді». «Сен тимесең, мен тимеймін бадырақ көз»-дің кейпін киген. «Өз қарным тоқ болса болды. Қалғаның гүл болмасаң құл бол!» Намысың қайда жандағы? Ерлігің қайда қандағы? Сіз бен біз намыссыз күлкі, қамсыз ұйқымен 20 жылдық тәуелсіздікті осылай қарсы аламыз ба?...

Кешке шаршап үйге келдім. Жаны ашитын жалғыз Алтынай әйелім ғана...

- Сорлы-ау, қойсаңшы, кімді жеңем деп жүрсің? Алуа мен Аманатты ойласаңшы! Солардың болашағы үшін қазақ болмай-ақ қойсаңшы! Орыс болғың келмесе, ұйғыр болайықшы. Ешкімге ештеңе дәлелдемей-ақ, өз Отаны, жері болмаса да болып-толып отыр. Әлемде 20 миллион, бір Қытайда 10 миллионы өмір сүреді. Әйтпесе, анау дүкен егесі күртке қосылып солардың ұлтына кірсек қайтеді? Отаны елі болмаса да жаһанда 60 миллион, Түркияның өзінде 25 миллионы тұрады. Әкім қаралар соның үйінен шықпайды туысқаны секілді. Дүнгендердің түрі бізден айнымайды, мұсылман дінін берік ұстайды. Отаны жоқ болса да, 18 миллионға жеткен олардың Шыңжаңда 9 миллионы тұрады-мыс. Әйтеуір қазақ болмайықшы. Себебі сен мына түріңмен не жындыханаға түсесің, не болмаса ажалыңнан бұрын өлесің!

Міне, қазіргі ұлтжанды қазақтың сиқы осындай.

«Абай-ақпарат»

0 пікір