Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3238 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 05:58

Елсерік. Тұлға мен тұрғы

Биыл өлгенімізге де, өшкенімізге де, жанғанымызға да мерейлі жыл болып тұр. Ақын, ғалым Олжас Сүлейменовке де - 75 жыл толды. Бұл кісіні қазақтан тыс орнын ойсырата елестету қиын: орысша жазса да, өзін қазақ ақыны ретінде танытып, қоғам қайраткері ретінде ол өзін мойындатты.

Алайда, Қазақстан тәуелсіз болғалы Олжас ағамыз өзін қазақты жатырқау жағынан көрсетіп, ұлтынан рухани оқшау ғұмыр кешуде. Әйтпесе, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Абылайдың 300 жылдығы мен Әлиханның 145 жылдығын, Мұстапаның 120 жылдығын Олжассыз мерекелеуді елестетпес едік. Мұны былай қойғанда, соңғы жылдары ол кісі ұлтының намысына тиісумен келеді, онысы өзінің тілгер ғұламалығы мен ақиық ақындығына жараспайтыны былай тұрсын, қарапайым азаматтың ойына сыйыспайтын кереғар қисынға тап болып жүр. Кім білген, өткіншақта жері мен елін қорғаған Олжабай батырдың тұяғы халқының тіліне тиіседі деп Мөңке көреген айтса, біреу сенер ме еді?! Бәрін былай қойғанда, адамзат тілінің шығу тегін қопарып жүрген ағамыздың қазақтың ай атауларына тиісуі ауылдағы сотқар баланың қылығын еске түсіргенімен, тілі теперіш көріп отырған халқы одан қорғаныш болу миссиясын күткелі қашан? Сонымен, Олжекеңе не көрінді? Жасы ұлғайды ма, әлде халқынан ала алмай жүрген өші бар ма?

Біздіңше, екеуі де емес. Кәдімгі адамның кембағалдық (комплекс) ахуалында. Ондай кембағалдық әркімнің қалыптасуына қарай бола береді. Шын мәнінде, Олжас ағамыздың биіктігі мен заңғарлығы, тұрпатты тұлғасы халқының бейшара жағдайында қалыптасты, енді одан құтылған ұлттық ахуал ағамыздың қытығына тиіп, оның тұлғасына бірден бір бәсеке жағдай туғызатындай әсер бар. Пенде ретінде ол кісі соны жаратпайтынын өзі де байқамайды, сол себепті ізденіске ұрынып, ұлт болуға шарқ ұрған «қазақы тырбынысқа»  Олжекең осқырына қарап, тиісумен келеді. Өйткені, оның тұлғасын қалыптастырып, биіктеткен жағдай көктемгі қардай еріп кетті, енді оның сол биікте қалуына мұрсат жоқ. Өзін ылғи заңғар сезінген ағамыз, жеке басынан әлдененің, әлдекімнің озу үдерісін бастан кешкісі жоқ. «Биікте мәңгі қалудың» бірден бір жолы - өз тұғырын,яғни қазақты кемсіту; ақсақал жасына келген ағамыздың қағажу көріп, рухани тұйыққа тірелген халқын мыжуында осыдан басқа қисын жоқ! Жалпы, өз халқына кісімсу мен менсінбей қарау - Мәскеу жақта оқыған кейбір орыстілді ұл-қыздарымыздың басындағы ауру екені жасырын емес. Олар қазақтың шарықтауын өз биіктерімен ғана өлшегісі келіп, өлерменденуі - баяғы соларға тән ортақ кембағалдық!

Біздің байқағымыз келмей жүрген бір шындыққа тура қарайтын уақыт болды: кім қай әдебиеттің субъектісі болса, сол әдебиеттің ғана өкілі, қысқасы, Олжас ағамыз - орыс әдебиетінің өкілі, орыс ақыны! Алайда, ол кісі қос кеменің басын түйістіріп мінгісі келеді, ол мүмкін емес.

Оны зерттеушілер «Ол -монолинг ақын, орыс жазушысы деп атауы сондықтан (М.Д. Жүсіпов, А.Ж. Сәрсембаева). Бұл - бұлтартпас әдебиеттік тұжырым! Бұған енетін қазақтың ақын-жазушылары жеткілікті. «Шығыс поэзиясындағы сырлы саз, қазақ фольклорындағы эпикалық кең құлаш, Махамбет өлеңдеріндегі отты леп, Абай поэзиясындағы терең ойдың барлығы Олжас поэзиясына тән дүниелер» дегенімізбен, ол дүниелердің бәрін Олжекең орыс әдебиетінің ауласына тасып жүрген ақын. Ендеше халқына ақындығын пұлдайтындай реті жоқ.

Ал, ғылым әлеміне бұл тұжырым сыйыспайды, ғылым әу бастан адамзаттық, ұлттық емес; сондықтан Олжас ағаның өзі жақсы көретіндей, оның адамзаттық азамат екендігінде - оның лингвистикалық саладағы еңбектеріне арқа сүйеп айтуын растайтын мол мүмкіндігі бар. Себебі, ғылымның тегі - ұлт емес, адамзат. Ондай деңгейге талай ғұламаларымыз шыққан: Әл-фараби, Ибн-сина, Әл-хорезми т.т. Сайып келгенде, олардың тегіне қарап мақтан ете аламыз және олардың ғылыми туындыларын әлеммен бірге тұтына аламыз. Болды! Алайда, Олжас ағамызға өзінің қай тұрғыдағы азамат екенін анықтап алғаны жөн болар. Аталғаны бар, аталмағаны бар, түркілік ғұламалар өз тегіне ешқашан тіл тигізген емес, кісімсіген де, ақылсыған да емес, олар өз бағасы мен тұрғысын қадыр тұту арқылы шыққан тегін қадырлы еткен.

Ендеше адамзаттық деңгейдегі тұлғаларымыздың халқына өз тұрғыларын (принцип) білдіруге де, ақыл айтуына да, мінеп-сынауына да қақылары жоқ. Өз талайын ұлтымыз бұйырған тағдырынан көріп алады. Болған күннің өзінде де ол қақының құны қарапайым азамат қақысынан бір де бір артық болмауы керек. Сондықтан да қазақтың тілі мен діліне Олжекеңнің ақылы да, уәжі де керек емес. Ұлтқа одан гөрі керегі - қазақтілді журналист Максим Рожиннің  уәжі, сол - анағұрлым құнды әрі тиімді! Себебі, ол - қазақтың рухани топырағының тұтушысы (носителі), тұтынушысы, жанашыры.

Жетпіс беске толған қарияның жеке басында шаруамыз да, шатағымыз да жоқ. Мерей жасы құтты болсын, ұзақ болсын, иншалла! Тұлғамызды Тәңір жарылқасын! Олжекеңнің біртуар қазақ екендігінде (алайда, 20 жыл ішінде тіл үйренген маймылдың да қартайатын уақыты болды) де дау жоқ, бірақ оны қазақ ақыны ретінде де, оның ұлтқа тиіскен пайымын да қабылдау қиын. Бұған себеп есебінде, қазақтың бүгінгі болмысын қабылдай алмай жүрген ағамыздың азаматтық тұрғысының да мол үлесі бар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір