Жұма, 29 Наурыз 2024
Біздің шенеунік 6671 9 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 18:53

Сұлтанов: Мен - Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін!

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап болысымен, Мемлекет астанасына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру керек деген ұсыныс айтқан еді. 

Президенттің ұсынысын Парламент мақұлдаған соң, Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгерген еді.

Бүгін Бас қаланың басшысы Бақыт Сұлтанов қала атауының өзгеруіне қатысты екі ауыз пікірін айтыпты. Елордадағы Наурыз мерекесін тойлауға барған Бәкең, ондағы өзін күткен жұртқа соңғы жаңалықтарды айтып түсіндіруге тырысыпты.

"Біз барлығымыз да Астана тұрғындарымыз. Ал мен Қазақстан Республикасының Астанасы - Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін.

Мен президент Тоқаевтың елдің Бас қаласының атауын өзгертіп, Тұңғыш Президент, жаңа Қазақстанның негізін қалаушы адамның құрметіне оның есімін ұлықтау туралы шешімі дұрыс деп есептеймін. Бұл арқылы біз, Тәуелсіз елдің азаматтары барлығы үшін Елбасына құрметімізді көрсетеміз. Ол біздің еліміз үшін барлығын жасады. Астын сызып айтамын, мемлекетіміздің негізін қалаудағы рөлі ерекше", депті әкім Бақыт Сұлтанов.

Әкім қала атауының өзгеруі кезең-кезеңімен жүргізілетінін де айтқан.

Сондай-ақ, Бас қаладағы басты нысандар - "Астана Опера", "Астана-Арена", басқа да спорт ғимараттары мен негізгі обьектілердің атауы өзгермейтіні белгілі болды.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616