Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3152 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 05:53

Шүкірхан Қайсар. Қайдасың, қазақ тілі жобасы?

Әлемдік қазақ құрылтайы қарсаңында кейбір орган қызметкерлерін дүрліктіріп, Астанаға Мұхтар Шаханов келіп кетті. Ол бір топ астаналық ұлтшыл топпен кездесу өткізіп, бүгінгі ахуалмен таныстырды. Өлеңдерін оқыды, ТЖ-ларға (тупли жалағыштар) деген жиіркенішті сезімдерін жеткізді.

Әңгіменің тоқ етеріне келсек, Мұқаңның айтуынша, былтыр бір жыл бойы жыр болған мемлекеттік тілді дамытудың келесі онжылдық бағдарлама жобасына президент қол қоймапты. Оның қол қойылуда жатқанын естіген Шаханов ағамыз президент аппаратындағыларға шыр-пыр болып, түкке аспайтындығын, сауатсыздығы мен кемшілігін тізіп берсе керек. Аппараттағы ұлтшыл азамат Жобаның аптыры Мәдениет министрлігі екенін, оған аппараттың қатысы жоқтығын айта келіп, Мұқаңа Жобаны қабылдауға қарсы хат жазуды ұсыныпты. Сол хаттың негізінде елбасы қол қоймастан, Жобаны жөндеу үшін кері қайырыпты.

Тілкомдағы азаматтардан білуімізше, аталмыш Жоба министрлікте көрінеді, бірақ қаншалықты өзгеріске түскенін ешкім білмейді. Ауылдың марғау төбеттері секілді қалғып-шұлғыған ұлтшылдар маңызды ол құжатты әлгі «Ел бірлігі доктринасы» секілді байбаламға түспей тұрып, қолға алуды ойластырмай отырған секілді. Жаз кезінде қол қойылып, «апам да таң, біз де таң» қалып жүрмесек болғаны.

«Абай-ақпарат»

0 пікір