Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4409 0 пікір 28 Мамыр, 2011 сағат 13:11

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Ашық есік күнін» өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сапар Рахменшеев емдеу, алдын алу ұйымдарында еңбек етіп жүрген 29 жасқа дейінгі жастар өкілдерімен кездесті.

«Ашық есік күні» сипатында өткен кездесу барысында жастардың шығармашылық, азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту жайында сөз қозғалды. Міне, осы салада жастарға жасалатын қолдау туралы «Самұрық» инновациялық дамыту қорының директоры Жандос Түсмағанбетов айтып берді.

Кейінгі жылдары Үкімет бұл бағытта бірқатар кешенді іс-шаралар жасап келеді. Соның бірі жас мамандарға жағдай жасаумен ұласып отыр. Айталық, облыс әкімдігінің қолдауымен 2006 жылы 10 бітіруші медициналық академияларға келісімшарт арқылы оқуға жіберілсе, келесі жылы медициналық колледжді үздік бітірген 27 жас жоғары оқу орындарына орналастырылды. Республикалық және жергілікті бюджет қаржылары арқылы жас мамандарды ауылға тарту қолға алынуда. Соңғы 3 жылда салаға 250-ге тарта жас маман келді. Олардың көбі ауылдарға жіберілді.

«Ашық есік» күніне келгендер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.

_

0 пікір