Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3130 0 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 11:20

Астанада Әлихан Бөкейхан музейі ашылды

18 наурыз күні Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің ішінен ұлт көсемі, Алаш Орда қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейханға арналған музей ашылды.

Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне ғалым әрі Әлиханның ұрпағы Ортай Әбдірахманов ақсақал, белгілі алаштанушы ғалымдар – профессор Тұрсын Жұртбай, әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы және «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Ғалым Сұлтан Хан Аққұлы өзінің сөйлеген сөзінде бұл Әлиханның құрметіне ресми түрде ашылған тұңғыш мұражай екенін айтып өтті.

Жаңадан ашылған мұражайда Алаштың ардақты азаматының портреті, қайраткерлік кезеңдерін көрсететін құжаттық деректері бар арнайы стендтер қойылған.

Сонымен қатар, алаштанушы ғалымдар Абай, Алаш, Әлихан, Шәкәрім, Мағжан атындағы дәрісханаларда сабақ өткізді. Ал, мектептің бастауыш сынып оқушылары Алаш тақырыбында мәнерлеп өлеңдер оқыды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522