Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2677 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 13:26

Өміржан Әбдіхалықұлы. Он үш жылдан кейін орындалған шешім

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ һәм Алматы қаласының әкімшілігі

31-нші мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңындағы кезекті іс-шаралар басталды. Алматыдағы пайдасы -  Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйінің төменгі тұсында орналасқан саябаққа аяулы Ахаңның аты берілді. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш азаматтарының ұрпақтары, тарихшылар, әкімшілік қызметкерлері жиналып ескерткіш тақтаны ашып, онан кейінгі шараны «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» деген атпен Ахаңның мұражай үйінің алдындағы алаңқайда өткізді. Әр мектептен келген оқушылар Ахаңның өлеңдерін оқыды, тарихшылар ойларын айтты. Бірер ән айтылды. Жиын өлең оқыған оқушыларды қатырма қағазбен марапаттаумен аяқталды. 31-нші мамыр күні өткізіліп келе жатқан осы тектес шаралардың бір қалыптан шыққандай ұқсастығы және оған зиялысы бар, ел сөзін айтып жүрмін дейтін қоғамдық тұлғалары бар, түрлі ұйымдардың ешқайсысы қатыспайтындығы қарадай қапаландырады. Олардың келмейтінде жөні бар шығар. Өйткені, дастархан жайып, қазы-қарта  тартылмаса, келгеніңіз үшін деп конверт ұстатпаса, Азаттық пен Алаш деген халқы үшін жанын қиған алыптарды еске алу шарасынан не іздейді. Себебі, қолдан жем жеп үйренген үй күшік мықтыларға елдік пен тарих, тұлға, ұрпақ сабақтастығы, тарихи әділеттілік дегеніңіз көк тиын. Ақысын берсеңіз айтады, әйтпесе, мазасын алмауыңызды өтінеді.

Ал, мамырдың соңғы күніне арналған істердің бәрі баяғыдай. Ешнәрсе өзгермеген. Әкімшіліктен келген кішкентай шенеуніктер іс-шараны сырттай бақылаумен ғана тұрды. Тап өздеріне түк қатысы жоқ істей.

Әлбетте, ел болған соң тарихи тұлғаларын, айтулы күндерін атап өтуі, құрмет етуі қалыпты іс. Біздің күйетініміз - істің бәрі есеп үшін ғана атқарылатындығы. Мұрнын тескен тайлақтай қылып тізімдеп әкелген мектеп оқушыларына келіп қатысқанына айғақ болу үшін әкімшіліктің шабармандары қолдарын қойғызып алып жатты. Қорқытып, үркітіп алып келген оқушының санасына Ахаңның қайран сөздері жете ме? Әй, қайдам. Ал, кішкентай шенеуніктерге бөлінген қаржының игерілгендігі мен іс-шараның өткені керек. Іс бітті, қу кетті. Бұл жерде ашықтық туралы әңгіме айтпай-ақ қояйық. Егер Алматы қаласы әкімшілігі мемлекет тарихын және оның ірі тұлғаларын құрметтейтін болса, саябақты Ахаңның атына беру туралы арнайы шешімді табаны күректей он үш жылға созар ма еді. Бұдан кейін қалай ішің жылиды. 1998 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойына байланысты сөз болып отырған саябақты Алаш зиялысының атына беру жөнінде сол кездегі қала әкімі Храпуновтың шешімі шыққан. Сол шешім бүгін орындалып отыр. Ал, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл - 138 жыл. Міне, біздің биліктің жұмыс істеу әдеті. Әкім ауысқанмен, Алматы оның халқы, көшелер мен саябақтар, тарих, тұлғалар, олардың ел үшін еткен ерен еңбегі әкіммен бірге көшіп кеткен жоқ қой. Демек, биліктің соның ішінде Алматы қаласы әкімшілігінің жұмыс жүргізу тәсілдері әбден тұралап қалған. Ешкім ешнәрсеге жауапты емес деген сөз. Бәрінің есіл- дерті өтірік-шынды есеп беру, жақсы көріну. Ол жолда мектеп оқушыларынан бастап, «мен» деген зиялыңыздың өзін әкімшілік қыспаққа алып өз дегеніне көндіреді. Есеп түгенделген соң ешкімнің керегі жоқ. Айналасының, істеген ісінің бәрі - көзбояушылық. Егер әкімшілік бір жақсы іс қылса, ол оның міндеті. Қай бетімен бәлсінеді, міндетсінетінеді.

"Дүниеде қазақ халқы жасап тұрса, Ахмет Байтұрсынұлы өлмейді"

Ал, бүгін саябаққа орнатылған ескерткіш тақта көрер көзге әдп-әдемі. Саябақта жөндеуден өтіп, қыздың жиған жүгіндей жинақыланып, рең кіріп тұр екен.

Айтпақшы, мұражай үйдің ауласында өткен шара барысында тарихшы Мәмбет Қойгелді Ахаң туралы айта келіп: «Қазақтың ән-күйін жинаған Затаевич осы сапарына шығар кезде Ахаңа келіп ақылдасып, жөн сұрапты. Кетерінде Затаевич Ахаңнан: «Жүрген жерімде Сіздің атыңыздан жүрмін деп айтсам, рұқсат па?», дегенде Ахаң «Мені танитын жұрт болса, айта беріңіз», депті. Қазақтың қалың елін аралаған Затаевич барған жерінде Ахаңды айтқан сәтте-ақ, кез келген үй барын алдына тосып, іздеген әнші, жыршыларын жанына жинап беріп, құдасындай күтіп шығарып салып отырпты. Бұл -  Ахаңның ел ішіндегі ересен беделінің, Ахаңа деген жұрттың шынайы құрметі! Дүниеде қазақ халқы жасап тұрса, Ахмет Байтұрсынұлы өлмейді», деді. Осы сөзді бізде медет қылдық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір