Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2912 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 06:06

Сағындық Рзахметов. Ерігіп отырып та ереуілдеуге болады екен

Кейінгі бірер жұманың ішінде еліміздегі  баспасөз біткен Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» кенішіндегі жұмысшылардың жік-жікке бөлініп, текетіреске түсіп жатқаны туралы жарыса жазып жатыр. Кенішке барып, мән-жайды өз көзімен көрген кісі болмаса, мұнайшылардың не үшін ереуілдетіп, не үшін ас-суды жиып қойып, аштық жариялап жатқанын анық аңғару қиын. Бар мәселе, осы мекемедегі кәсіподақ ұйымы төрағасының орынтағында  секілді. Яғни, даудың басы -  «Қаражанбас жұмысшылары кәсіподағының» төрағасы Ербосын Қосарханов пен осы ұйымның заңгері Наталья Соколованың арасындағы келіспеушіліктен басталғанға ұқсайды. Бұған дейін сүттей ұйыған ұжымды екі жақ «сенікі, менікі» деп бөліп алып, әркім өз сөзін тыңдағандарға «айды әперем» дегендей уәдені үйіп-төгуде. Мәселен, Соколова ханым мұнайшылар үшін көп жылдан бері арман болған   1,7 аудандық және 1,8 салалық коэффициенттерді қайтсем де қайтартам дейді. Ал енді, бір ұйымда екі басшы қалайша пайда болды, бұған  күнделікті қызметін біліп қана жүрген Қосарханов кімге ұнамай  қалды?  Бұл сұрақтардың жауабына сәлден кейін ораламыз.

Жалақы көтерілсе де жағу қиын...

Кейінгі бірер жұманың ішінде еліміздегі  баспасөз біткен Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» кенішіндегі жұмысшылардың жік-жікке бөлініп, текетіреске түсіп жатқаны туралы жарыса жазып жатыр. Кенішке барып, мән-жайды өз көзімен көрген кісі болмаса, мұнайшылардың не үшін ереуілдетіп, не үшін ас-суды жиып қойып, аштық жариялап жатқанын анық аңғару қиын. Бар мәселе, осы мекемедегі кәсіподақ ұйымы төрағасының орынтағында  секілді. Яғни, даудың басы -  «Қаражанбас жұмысшылары кәсіподағының» төрағасы Ербосын Қосарханов пен осы ұйымның заңгері Наталья Соколованың арасындағы келіспеушіліктен басталғанға ұқсайды. Бұған дейін сүттей ұйыған ұжымды екі жақ «сенікі, менікі» деп бөліп алып, әркім өз сөзін тыңдағандарға «айды әперем» дегендей уәдені үйіп-төгуде. Мәселен, Соколова ханым мұнайшылар үшін көп жылдан бері арман болған   1,7 аудандық және 1,8 салалық коэффициенттерді қайтсем де қайтартам дейді. Ал енді, бір ұйымда екі басшы қалайша пайда болды, бұған  күнделікті қызметін біліп қана жүрген Қосарханов кімге ұнамай  қалды?  Бұл сұрақтардың жауабына сәлден кейін ораламыз.

Жалақы көтерілсе де жағу қиын...

16 мамыр күнгі оқиғаны, нақтырақ айтқанда, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның 700-ден аса жұмысшысының жұмыс орнын тастап, ереуілге шығуын компания басшылығы заңсыз деп бағалайды. Өйткені, Еңбек кодексі  бойынша еңбек ұжымындағы келіспеушілікті реттеу талаптары орындалмаған.

Осы жерде айта кетуіміз керек, ереуілге шығушылардың талаптарын мемлекеттік құзырлы мекемелер бір емес, бірнеше рет қарады. Бас прокуратура мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің терістеу қорытындысы  «Қаражанбасмұнай» компаниясының қоржынында жоқ емес, бар. Бұған қоса, мұнай компаниясында қызметтік жалақы мен тарифтік көрсеткіштер жыл сайын көтеріледі. Тек дағдарыс қатты дендеген  2009 жылы ғана жалақы көтерілмей қалды. Дегенмен, 2010 жылдың соңында бітімгерлік комиссияның шешімімен 2009 жылдың жалақысы да  көтеріліп, еңбекақыға қосылып  төленді. 2010 жылға дейін жұмысшылардың жалақысы жыл ортасында (шілдеде) көтерілсе, 2010 жылдан бастап жыл басында қосылып келеді. ҚР Ұлттық Банктің мәліметі бойынша, 2007-2011 жыл аралығында, 2011 жылдың болжалды инфляциясын (7%) қоса есептегенде, көрсеткіш 52,7 пайыз болған, ал осы кезде «Қаражанбасмұнай» компаниясы жұмысшыларының жалақысы 59,5%-дан  90,1%-ға дейін көтерілген.

2007 жылғы жалақы деңгейін алып қарайтын болсақ, осы жылдан бастап компания жұмысшыларының жалақысы 75, ал кейбір санаттар бойынша 90 пайызға көтерлгені белгілі болып отыр. Мамандар жалақының екі есе жоғарылағанын айтады. Жалақымен бірге жұмысшылардың да легі көбейе түсті. Бүгіндері «Қаражанбасмұнай» АҚ-да ең төменгі тарифтік көрсеткіш (164,67 сағат айлық есеп бойынша) 70 038 теңге, ең жоғарғысы - 181 822 теңге. Ал жұмысшы мамандардың орташа жалақысы - 125 637 теңге. Бұған қосымша ретінде түнгі жұмысқа, демалыс және мейрам күндеріне арнайы қаражат төленеді. Өйткені, өндіріс үздіксіз  жұмыс істейді. Бұған қоса, тоқсан сайын сыйақы берілсе, атаулы күндері бір реттік сыйақы түрі де қарастырылған.

«Қаражанбасмұнай» компаниясының басшылығы орын алған келіспеушілікті, жұмысшылардың арыз-талабын заң шеңбері аясында қарастыруға әзір. Осы орайда мұнай компаниясы  бітімгерлік шарасын жүргізетін комиссияға өз өкілдерін сайлап та қойды. Енді жұмысшы тарабы өз өкілдерін сайлауы қажет. Компания заң шеңберінде әділ жалақы төлеуге, еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге, еңбек ұжымындағы әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешуге дайын екенін мәлімдейді.

Бұл қай секіріс: Тойып па, тоңып па?

«ҚазМұнайГаз» БӨ компаниясында әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударылады.  Еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың және олардың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету жолға қойылған. Жұмысшы білімі мен біліктілігіне сай мансабын да көтере алады.

2007 жылы елімізде Еңбек кодексі қабылданғаннан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы бірінші болып  әлеуметтік қолдауды жан-жақты қарастырған жоғарғы деңгейдегі ұжымдық келісімшарт жасасты. 2008 жылы бұл құжат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған «Парыз» сыйлығын жеңіп алғанын естеріңізге саламыз. Мерзімі аяқталғаннан кейін бұл келісімшарт толықтырылып, қайта жасалған. Жұмыс беруші, кәсіподақ және өндірістік филиал жұмысшыларының ұжымдық келіссөздер аясында келісімшартқа өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын енгізу мүмкіншілігі болды. Одан кейін ұсыныстар жұмыс тобының жиынында талқыланды. 2011 жылдың ақпанында үшжақты шешім шыққаннан кейін 2011-2013 жылдарға жасалған  келісімшарт жобасы оқып-талқылау үшін еңбек ұжымдарына таратылды. Содан соң «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының еңбек ұжымдарымен келісімге келді. Онда кепіл беру және өтемақы төлеу жолдары нақты көрсетілген. Оның ішінде компанияның филиалдары қызметкерлерінің және олардың отбасына ем-дом алуға және денсаулықты түзеуге берілетін шығындар бар.

Соңғы төрт жылда өндірістік филиалдар қызметкерлерінің жалақысы 3 есе өсті. Өткен жылдың шілдесінен бастап «ҚазМұнайГаз» БӨ жалақы төлеу жаңа жүйе бойынша жүзеге асуда. Жалақы өсіру 1,8 салалық коэффициентті көбейту және аумақтық (аудандық) 1,7 коэффициенті сақталды. Мәселен, ай сайын түрлі қосымшалар қосылғанда, 220-280 мың теңге жалақы алады. Бұл Ресей мұнайшыларының жалақысымен салыстырғанда, көп. Бұл жайт қазақстандық кеніштерге ұқсас аймақты игеріп отырған ресейлік төрт компанияның еңбекақысына мониторинг жасалғаннан кейін белгілі болды.

Соколова келді де салды бүлік

Сөйтіп, «екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің кері» болып тұр. Мәселен, Қосархановты жақтайтындардың айтуынша, ол Н.Соколова ханымды ұйымның заңгерлік қызметіне шақырып, сау басына сақина тілеп алған.  Бұған дейін «Қаражанбас» АҚ-ның мамандар бөлімінен қызметтен шеттетілген Натальяға бұл ұсыныс өте жақсы болды. Бұған дейін компанияға тек  сырттай тіс қайрап келген оған  енді кек алатын сәт туған секілді. Сөйтіп ол аз күнде айналасына Қосархановқа наразы адамдарды жинап үлгерді. Әрине, жұмысшыларға үйіп-төгіп уәде беруді де қалыс қалдырмады, көздегені ұйымның төрағалығы мен мөрі болды. Көп ұзамай Натальяның мұнайшылар жалақысын коэффиценттер есебінен көтерем деген арманы адыра қалды.

Ереуіл ме, ерігу ме?

Осы тұста  Наталья Соколованы жақтайтындар да ай қарап жатпады.  Аштық жариялап, жаппай жұмысқа шықпай жатып алды.  Бұл жерде де Наталья ханым айтар сөзін жұп-жұмсақ қылып жүйелеп алыпты. Ереуілдетіп жатқандар «жаппай жұмысқа шықпай жатқан жоқ, жұмыс жасауға әл-дәрмені аздықтан, аштық жариялауға мәжбүр болыпты»-мыс. Ал, түсініп көріңіз!

Бұл жерде құрметті оқырман, алдымен алпыс айлалы Соколованы жақтайтындардың мынандай бір қулығын түсініп алғаны жөн. Олар қарсылық білдірудің тек ішінара аштық  жариялау тәсілін таңдап алған көрінеді. Яғни жұмысшылар кеніштегі асханадан әдеттегідей күніне үш рет тамақтанбайды, бар-жоғы екі-ақ рет ас-су ішеді. Мысалы, таңғы асын ішіп, түстігіне тойып алған соң, ереуілдетіп кешкі асқа бармай қояды.  Немесе  айдай әлемге аштық жарияладық дегендер таңғы, кешкі астарын ішіп, түстіктерін әдейі ішпей кетеді. Сөзіміз құрғақ болмауы үшін кеніштегі «Береке», «Дастархан» асханаларының мәліметіне жүгінелік. Мәселен, 10 мамыр күні асханаларға келуі тиіс  807   мұнайшының   477-і таңғы асын ішіп, 330 адам ашқұрсақ қалған.   315 адам тойып түстік ішіп алса, 681 қызметкер «ауыз бекіткен».  Есесіне,  681 адам кешкі асты қарынға қондырып, 126 мұнайшы келмей қалыпты.  Сол күні 286 адам қарын жұбатар құрғақ тамақ алуды ұмытпаған көрінеді.

Ал, 11 мамыр күні  вахтамен жұмыс істейтін  811 адамның 802-сі таңғы асын қарынға қонжитса, бар-жоғы 9 адам «таңғы ас тәңірден» деген мақалды тоқ тұтыпты. Сол күні 467 жұмысшы  түстікке келсе, 344 адам тамақ ішпеген, кешкі асқа 732  мұнайшы келіп, 79-ы ат ізін салмаған. Бұл күні де 344 адам айран, печенье сынды құрғақ тамақ алуға ынта білдіріпті. Міне, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының аштық жариялап жатқандағы  сиқы осы.

Бір еске салатыны, заңсыз ереуілге шығып, еліргннен гөрі ертеңгі күнді ойлаған абзал. Себебі, бүгін көшеге шыққан мұнайшылар ертең жұмысынан айырылып қалуы әбден ықтимал. Өйткені, өңірімізде кәсіби білікті мұнайшылар жетіп-артылады. Ал нарық заманында жұмыссыз қалу қандай екенін бізден жақсы білесіздер.

Маңғыстау облысы

Суреттерде:

1.   Ереуілшілердің қарны тоқ, ал жұмыс болса қаңтарылып қалған.

2.   Кенішке келе салысымен кек алуға ұмытлған Соколова деген кісіңіз - осы.

0 пікір