Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4915 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 05:31

«Әнім саған туған ел» ән байқауы

«Әнім саған туған ел» атты Шығыс Қазақстан өлкесі туралы ән байқауының қағидасы

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

Мақсаты:

1)    Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысының рухани-мәдени өміріне жаңа серпін бере отырып, жаңа өнердің дамуына үлес қосу.

2)    Шығыстың абройын ән қанатында қалықтатып, ән арқылы айбынын арттыру, ажары мен әсем табиғатын насихаттау.

3)    Ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру.

4)    Ең үздіктерін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жаңа туындыларды ән өнерінің жұлдызды көгінде қалықтату.

Шарттары мен талаптары:

Конкурсқа қатысуға үміткерлер 2011 жылдың тамыз  айының 20-жұлдызына дейін төменде көрсетілген талаптарды орындауы керек.

1.     Шығыстың шежірелі тарихы мен сұлу келбетін, оның өндірістік қуатын паш ететін Шығыс Қазақстан өлкесіне арналған ешқайда орындалмаған жаңа ән болуы тиіс.

Тапсырылатын құжаттары:

1.     Конкурсқа қатысушы композитор мен әншіден өтініш, аты - жөні, мекенжайы, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі, шығармашылық өмірбаяны, жаңа әннің мәтіні мен нотасы жазылған нұсқа қағазға түсірілген 2 дана және СD форматындағы электрондық  нұсқасын, көркем стильде арнайы түскен композитордың, орындаушының 13х18 көлеміндегі фотосуреті болуы қажет.

2.     Конкурсқа қатысу өтініштері 20 тамызға дейін ғана қабылданады.

Қазылар алқасы:

Конкурсты қорытындылап жеңімпазды анықтау үшін Республикаға танымал білікті музыка мамандары мен қайраткерлерінен және атақты ақындардан қазылар алқасының құрамы шақырылады.

1)    Қазылар алқасының мүшелерінің байқауға қатысуға құқы жоқ.

2)    Қазылар алқасының шешімі хаттамалармен рәсімделіп, талқылануға, қайта қаралуға жатпайды.

3)    Қазылар алқасы: қандайда бір жүлделі орындарды бермеуге, қажет тапса, жүлделі орынды екі үміткердің арасында бөлуге құқылы.

Жеңімпаздарды марапаттау:

1)    Бас жүлде (біреу)

1-орын (біреу)

2-орын (біреу)

3-орын (біреу)

Ынталандыру сыйлықтары:

«Ең үздік композитор»

«Ең үздік орындаушы»

«Ең үздік мәтіннің авторы»

Конкурс лауреаттарынан  «Гала-концерт» ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысушы композиторлар, ақындар мен әншілер жайлы жинақ шығарылып, үздік әндерден үнтаспа құрастырылады.

Ұйымдастыру комитеті:

1)    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасы байқауды өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітеді;

2)    Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар  мен байқауды өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады;

3)    Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Байқауды қаржыландыру:

Байқауды дайындау мен өткізуді қаржыландыру жергілікті бюджетпен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Байқауды өткізуге көзделген қаражат Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша бекітілген сметалық шығыстармен қатаң сәйкестікте жұмсалады.

МҚКК «Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-қызмет көрсету орталығы»;

Анықтама мекенжайымен телефондары: 8 (7232) 53-74-43, 53-74-42, e-mail: vestkult_vko@mail.ru; Өскемен қ, Потанин к-сі, 27/1

0 пікір