Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2751 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 04:34

ХВҚ жаңа басшысын сайлау туралы шешім демократиялық консультация жолымен қабылдануы тиіс - ҚХР СІМ

БЕЙЖІҢ. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Халықаралық валюта қорының  жаңа басшысын сайлау туралы шешім ашықтық, транспаренттілік және ең үздік өкіл сайлау ұстанымдарының негізінде демократиялық консультациялар жолымен қабылдануы керек.

Бейсенбі, 26 мамыр күні Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәсихаты барысында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Цзян Юй осындай мәлімдеме жасады.

БРИКС елдері өкілдерінің ХВҚ реттеуші-директорлар тобының бірлескен мәлімдемесінде ХВҚ реттеуші-директоры ұлттық құндылық ұстанымы бойынша сайланатын дәстүр аталып өтілген.

БРИКС елдері халықаралық валюта қорының реттеуші-директорына үміткер барлық кандидаттарды талқылауда. Естеріңізге сала кетейік, ТМД елдері ХВҚ басшысына ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың кандидатурасын ұсынған болатын.

0 пікір