Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2678 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 04:32

Душанбеде Қазақстанның Тәжікстанға жіберген гуманитарлық көмегі тапсырылды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - 26 мамыр күні Душанбеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тәжікстанға жіберген гуманитарлық көмегін тапсыру салтанаты болды,деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы істеріндегі уақытша сенімді өкіл Айтжан Айдашев, Тәжікстан тарапынан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Махмаджан Собиров пен мемлекеттік материалдық қор жөніндегі агенттік директорының орынбасары М.Муллаев қатысты.

Қазақстан тәжік халқына 80 мың литр күнбағыс майын, 100 тонна болат құбырлар мен 134,180 тонна металл бұйымдарын жіберді.

Өз сөзінде Махмади Муллаев ел  басшылығы мен тәжік халқының атынан Қазақстан тарапынан болатын тұрақты әрі үлкен қолдау үшін  алғыс білдірді.

0 пікір