Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2476 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 04:30

Павлодар облысында телефонмен алаяқтық жасау ісі белең алуда

ПАВЛОДАР. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жыл басынан бері Павлдар облысының полиция қызметкерлері жиырмадан астам телефонмен алаяқтық жасау оқиғасын тіркеген,деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Өздерін арнайы қызметтің қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтар ұялы телефон арқылы адамдардан ақша алып отырған.

Олар қарапайым азаматтарға ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған соң, «қылмыс жасағаны үшін немесе жол-көлік апатына себепші болғаны үшін жақын туысқанын қолға түсіргенін» айтады. Содан кейін жақынына қатысты қылмыстық істі жабу үшін одан белгілі бір ақша сомасын талап етеді.

Қорқып кеткен кейбір адамдар белгісіз біреулерге ақша беріп жібереді, «қылмыс жасады» деген туғанымен хабарласқаннан кейін ғана алаяқтардың қармағына түсіп қалғанын біледі.

Мысалы, Павлодар облысының ішкі істер басқармасына 23 мамыр күні 62 жастағы павлодарлық азаматша келіп шағым білдірген. Оның жұмыс телефонына белгісіз ер адам хабарласып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстыра отырып, ұлының жол-көлік апатына себепші болғанын хабарлайды. Оны қылмыстық жазадан аман алып қалу үшін банктік есепшотқа 146 мың теңге салу керектігін айтады, алданған әйел талап еткен қаражатты береді. Содан кейін ол ұлының жұмысына хабарласып, алаяқтарға алданып қалғанын біледі.

Қылмыскерлер бүкіл Қазақстан бойынша алаяқтық жасап жүр.

Барлық факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0 пікір