Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2896 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 10:39

Исамат Эргешов, кинорежиссер, актер: «Қазақ киногерлері қазақ тілді фильм түсіруі керек»

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық ассамблеяның ұйытқы болуымен өткен «Қазақстанға ыстық ықыласпен» іс-шарасы барысында өңірімізден шыққан талай тарландар туған топырағына табан тіреу мүмкіндігіне ие болды. Үш күнге жалғасқан акцияға әлемнің оншақты елінен 40-тан астам мәртебелі мейман келді.

Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы күніне орайластыра ұйымдастырылған бұл акцияға Шымкент қаласында кіндік қаны тамып, 1961 жылы Ташкенттегі Театр учлишесіне оқуға барып, сол бойы сонда қалып, жұмыс істеп, бүгінде Өзбек кино әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар, кино режиссер әрі актер Исамад Эргашев те келіпті. Осы орайды пайдаланып, Исамад мырзамен қазіргі Қазақ киносы жайлы сұхбаттасудың сәті түскен еді. Сол әңгімені «Абай.кз» ақпараттық порталының оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдік.

- Өзіңіз көп жылдан бері кино саласында жүрген соң, бірден әңгімемізді сол саладан бастап кетсек. Қазақ пен Өзбек қашанда бір-бірімен бауырлас халық. Діні, ділі, тілі жағынан туысқан ел. Бүгінгі Қазақ киносының барысы жайлы не айтасыз?

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық ассамблеяның ұйытқы болуымен өткен «Қазақстанға ыстық ықыласпен» іс-шарасы барысында өңірімізден шыққан талай тарландар туған топырағына табан тіреу мүмкіндігіне ие болды. Үш күнге жалғасқан акцияға әлемнің оншақты елінен 40-тан астам мәртебелі мейман келді.

Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы күніне орайластыра ұйымдастырылған бұл акцияға Шымкент қаласында кіндік қаны тамып, 1961 жылы Ташкенттегі Театр учлишесіне оқуға барып, сол бойы сонда қалып, жұмыс істеп, бүгінде Өзбек кино әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар, кино режиссер әрі актер Исамад Эргашев те келіпті. Осы орайды пайдаланып, Исамад мырзамен қазіргі Қазақ киносы жайлы сұхбаттасудың сәті түскен еді. Сол әңгімені «Абай.кз» ақпараттық порталының оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдік.

- Өзіңіз көп жылдан бері кино саласында жүрген соң, бірден әңгімемізді сол саладан бастап кетсек. Қазақ пен Өзбек қашанда бір-бірімен бауырлас халық. Діні, ділі, тілі жағынан туысқан ел. Бүгінгі Қазақ киносының барысы жайлы не айтасыз?

- Қазақ елі соңғы бес жылдың көлемінде, «Көшпенділерді» қоспағанда біршама кино түсіріп үлгерді. Әуесқой режиссерлер бар, әмбебаптары бар барлығы да халық мүддесінен шығуды көздеуде. Бірақ, бұл менің жеке пікірім, кино екі түрге бөлінеді: халық көретін және интелигенция көретін. Қазақ киногерлері халық көретін кино түсіріп жатқан жоқ. Еуропаға еліктеу басым. Олар Батыстың кинофестивальдері үшін ғана кино түсіре ме деп ойлаймын. Көрерменнің көңілінен шығар картинаға мемлекет қаржы бөліп, қазақи сананы дәріптейтін филімдер жасауға тапсырыс беруі керек. Елдік мүддені  насихаттайтын фильм Қазақ елінде жоқтың қасы.

- Бұл қаржыға байланысты болуы әбден мүмкін. Кім қаржы берсе сол талабын орындатады. Өзбекстанда жағдай қалай?

- Өзбекстанда жылына 65-70 фильм шығатын болса, соның кемінде 15-не үкімет қаржы бөледі. Ондай кино-мәдениетіне көңіл бөліп отырған мемлекеттің айтқанын қалай істемейсің? Қазір кітап оқитын жастар жоқ. Ал оларға ұлттық сана мен бабадан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрді тек кино арқылы ғана бере аламыз. Сондықтан көркем фильм болсын, деректі фильм болсын қазіргі заман талабына сай, әрі ұлттық мүддені ұлықтайтын дәрежеде болуы керек.

Қазақ та, өзбек те тіпті қырғыз ағайындарымыз да жалпы кино әлеміне кештеу араласты. Алайда, бүгінгі қол жеткізген жетістіктері ауыз толтырып айтуға жарарлық. Десек те, біздердің діліміз (менталитетіміз) батыстық бейәдеп сананы сіңірмеген, таза, жанын арының садағасы еткен халықтармыз. Сондықтан болар, үш ұлттың да өнерге деген талғамы таза. Біз сол таза талғамды былғамауымыз керек. Бұл ретте, Қазақ елінің киногерлері осалдық танытып отыр.

- Қазіргі Қазақ киногерлерінің осал тұсы не? Көрермен көңілінен шығатын кино түсіруі үшін олар не істеу керек?

- Қазақ елі ұлы ел! Оның ұлылығы - тілінде. Түркі тілдес халықтар арасында тілінің тазалығы, әуезділігі жағынан Қазаққа жететіні жоқ. Бұл жеке менің ғана емес, барша бауырластардың пікірі. Осы тілдің қадірін кеңестік кезеңде солақай саясат бір кетірсе, бейбіт күнде ұлттық құндылықтарымызға бейжай қараушылар екі түсіріп отыр. Бұған кино саласында жүрген әріптестеріміз де салғырт қарауда. Қазақ елінде түсірілген кез-келген кадрді қосып қалар болсаңыз, бір сөзін қазақша, келесісін басқа тілде айтады. Міне бұл ең үлкен кемшілік! Сондықтан да Қазақ киногерлері тілді тазалауы керек! Қазақ тілінде түсірілген фильмдерді көбейтуі керек. Қазақтың алғашқы, саяси қыспақта түсірілген фильмдерінің өзінде, (мен Совет заманында түсірілгендерін айтып отырмын), тіл шұбарлығы болған емес. Ал, қазіргі, Тәуелсіздік алған соңғы жиырма жылдағы кино-картиналардың барлығы дерлік қостілді. Президенттеріңіздің өзі мемлекеттік тіл Қазақ тілі болсын деп отырғанда, бұл -  киногерлер тарапынан қазақ ұлтының болашағына салғырт қараудың анық белгісі болып табылады..

- Көпшілік ортасында көптеген қайшы пікірлер тудырып, біреулер мақтаса, біреулер даттап, не қылса да әлі күнге өз орнын таппай жүрген «Келін» фильмі жайлы не дейсіз?

- Мен Ермекті, өз басым, азамат ретінде жақсы бағалаймын. Ұлт өнеріне қызмет атқарып келеді. Әрине, ол ұлттық мүддені табанға таптап жатуы да мүмкін. Ол бір сөзінде, «Бұл қазаққа еш қатысы жоқ, біздің заманымызға дейінгі уақыт» деп қалды. Солай-ақ болсын. Бірақ, Қазақ елінде, сол елдің өнері ретінде жарыққа шыққан соң қазаққа қатыссыз болуы мүмкін емес қой.

Бұл фильмнің ең тартымдылығы - бастан-аяқ бір ауыз сөз келтірмей-ақ, не айтқысы келіп тұрғанын көрерменге жеткізе білгендігінде. Ол қай елдің салтын, қай дәуірдің келбетін көрсетсе де осысы арқылы-ақ бағалауға тұрарлық дүние. Ал, ұлттық діл тұрғысынан фильмнің сын көтермесі айдан анық.

- Әңгімемізді өнердің келесі бір саласына қарай бұрайық. Бүгінде қазақ ән әлемінде жүрген біршама өнер иелері сіздер жаққа барып бейнебаян түсіріп келетін болды. Және жаңа бір сөзіңізде жылына 65-70 кино түсіріледі деп қалдыңыз. Бұның сыры неде?

- Бізде арзан - біріншіден, екіншіден - бізде техника көп. Техника көп болған соң екінің бірі бүгінде клипмейкер. Менің де кино, клип түсірумен айналысатын жеке киностудиям бар. Қазақ өнер жұлдыздары сапасынан гөрі арзандығына көбірек көңіл бөледі. Бұл, әрине, бізде түсірілетін кино, бейнебаяндар сапасыз деген сөз емес. Арзандығына ұмтылып, талғамсыздыққа ұрынып отырған әншілерімізді айтып отырмын.

- Аға, Шымкент туып-өскен жеріңіз екен. Жиі келіп тұрасыз ба? Қала өзгеріп кеткен болар?

- Иә, мен Шымкентке жиі келіп тұрам. Шымкенттің, тіпті Қазақ елінің дамуы көз алдымнан өтті десем де болады. Көреген басшыларыңыз бар. Қазақ елін ноқталаған ботадай дамудың даңғыл жолымен жетелеп барады Нұрсұлтан Әбішұлы. Мен қанша тарихи отанымда жүрсем де өзімнің кіндік қаным тамған Қазақ даласының бүгінгідей құлпырып, экономикалық дамудың жарқын болашағына жетіп жатқанына әрқашан қуанамын!

Әңгімелескен Ержан Шәкербай,

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525