Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2915 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 10:22

Интернет-конференция: Сайран Қадыр (жалғасы)

Моңғолия Респбуликасының Кувейт пен Шығанақ елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Сайран Қадыр мырза Abai.kz ақпарттық порталының оқырмандары қойған сауалдарға жауап беруін аяқтап отыр.

«Хабардан көрсететін өмір - ең керемет өмір екенін білемін. Халықаралық аренада беделі өсіп келе жатқаны рас.  Көптеген елдер қазақ деген ұлт барын, Қазақстан деген ел барын біле бастады.

Алпауыттар оңай олжаның қоры ретінде қарайды. Экономикалық дамуы, жемқорлық, адам құқығы, сөз бостандығы жағынан қандай дәрежеде екенін айтпай-ақ қояйын. Интернетте дүниежүзілік сарапшылардың қортындылары толып тұр. Болшаққа болжам жасаушылар аз. Қазақстанның ішінде де, сыртында да барлығы бір кезеңді күтуде. Ол кезең бәріңе мәлім.» дейді ол, бар қазақ маңдайына басқан жалғыз Отаны Қазақстанның бүгінгі ахуалына шын жанашырлықпен.

 

- Жер асты байлығының пайдасын халық неге көрмейді? Социалистік қоғам қашан бізге орнайды? Қазақтардың табиғатына ыңғайлы осы жүйе емес пе?! Қазақстанды социализмнің елесі кезіп жүр дейді сол рас па? Бұқара халықтың арманы сол социализм ғой. Бұған не дейсіз?

- Келіспеймін. Дала демократиясының іргетасын қалаушы халықтың табиғатына социализм ыңғайлы дегенге қосыла алмаймын. Жеке адамның бостандығын құрметтейтін қоғам ғана қазақтың табиғатына сай бола алады.

Моңғолия Респбуликасының Кувейт пен Шығанақ елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Сайран Қадыр мырза Abai.kz ақпарттық порталының оқырмандары қойған сауалдарға жауап беруін аяқтап отыр.

«Хабардан көрсететін өмір - ең керемет өмір екенін білемін. Халықаралық аренада беделі өсіп келе жатқаны рас.  Көптеген елдер қазақ деген ұлт барын, Қазақстан деген ел барын біле бастады.

Алпауыттар оңай олжаның қоры ретінде қарайды. Экономикалық дамуы, жемқорлық, адам құқығы, сөз бостандығы жағынан қандай дәрежеде екенін айтпай-ақ қояйын. Интернетте дүниежүзілік сарапшылардың қортындылары толып тұр. Болшаққа болжам жасаушылар аз. Қазақстанның ішінде де, сыртында да барлығы бір кезеңді күтуде. Ол кезең бәріңе мәлім.» дейді ол, бар қазақ маңдайына басқан жалғыз Отаны Қазақстанның бүгінгі ахуалына шын жанашырлықпен.

 

- Жер асты байлығының пайдасын халық неге көрмейді? Социалистік қоғам қашан бізге орнайды? Қазақтардың табиғатына ыңғайлы осы жүйе емес пе?! Қазақстанды социализмнің елесі кезіп жүр дейді сол рас па? Бұқара халықтың арманы сол социализм ғой. Бұған не дейсіз?

- Келіспеймін. Дала демократиясының іргетасын қалаушы халықтың табиғатына социализм ыңғайлы дегенге қосыла алмаймын. Жеке адамның бостандығын құрметтейтін қоғам ғана қазақтың табиғатына сай бола алады.

- Сәке, cоңғы кезде Монғол Президенті біздің елге келген оралмандардың арасынан білімді адамдарын кері шақырып жатыр деген сөз жүр, ел арасында. Бұл рас па?

-Жоқ. Рас емес.

- Ассаламағалейкум! Намаз жығыласыз ба, сахабалардың өмірі туралы оқисыз ба? Келесі Президент сайлауына қатысыңызшы. Ана тілін сыйламайтындар, анасын да сыйламайтындар дейді. Ана тілін білмейтіндер қалай ел басқасрады, тіпті ақылға сыймайды. Мұңғұлша бімейтін адам Монғолияда Ұлы Құрылтайда депутат болып отыра ала ма ?

- Монғолша білмейтін адам Ұлы Құрылтайға депутат бола алмайды. Дін туралы толығымен үйрену жолындамын. Құранды моңғол тіліне аударуға ат салыстым.

- Қазақ өзі өзі үшін істейтін билігін қалыптастырған жоқ. Сосын өзі де жалқау, бір бірінен қызғанып, бөтенге жем етіп жатыр. Технологиялық салаларды меңгермейді. Дау қуады, секталарға беріледі. бос сөзді көп айтады. Сондықтан олар ұлтарақтай жер ала алмай жүр. Өзі өз тілінде сөйлегісі келмейді, біреу қылқындырып тұрғандай. Ынтымақ жоқ.

Ұятсыз, арсыз, еріншек,

Көрсе қызар, жалмауыз!

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан алауыз! (Абай)

- Келісемін.

- Монғолдың шақырып жатқаны рас болу керек. Байлардың қойшы мен сыпырушы іздеуі көбейіп барады. Баратындарыңызға жол болғай! Сізше, кетігін тауып қаланғаны орынды ма?

- Қазақ боламын деген қайда да қазақ бола алады. Қайталап айтамын, қазақ болу мен Қазақстандық болу екі басқа түсінік.

- Кремльдің қазақты мүлде мәңгүртендіру туралы тапсырмасынан бас  тартып, біздің билік қазақты орыстандыру саясатын қашан тоқтатады деп ойлайсыз?

- Қазақстан билігі дәл қазірорыстандыру саясатын жүргізіп отыр деу орынсыз. Қазақтандыру саясаты қарқынсыз десе орынды болар. Уақыт керек. Бірнеше ұрпақ ауысып барып, сапалы қазақи қоғам құралады.

- Елші мырза, елші ретінде сіз халықаралық небір саяси, қитұрқы мәселелерді де білесіз ғой. Халықаралық қаржы қоры президентінің Америка қонақүйіндегі күтушіні зорлады деген айыптан оның жауапқа тартылып, президенттіктен отставкаға кетуі, біздің премьер-министрдің оның орнына қазақстандық банкир Марченконы ұсынуы, оның кандидатурасын Ресей, СНГ, Қытайдың қолдап отырғанының астарында біздің еліміздің қаржы операцияларына қитұрқылық, алаяқтық жасау қаупі төніп тұрған жоқ па? Өткенде «Жас Алаштан» оқығаным бар еді, ХҚҚ қытай юандарын еркін айналымға жіберсе, ұлттық банк алтын-валюталық қорымызды юаньға айналдырады деген. Енді біздің елдің алтын-валюта қорын қытай ақшасы қорғамақ па? Осы екі оқиға бір-бірімен тығыз байланысты сияқты маған. Сіз қалай ойлайсыз? Мәсімов отыра берсе, біз бара -бара қытайға жұтылып, таланып жоғалатын шығармыз.

- Қитұрқы мәселе көп білмеймін. Болжам айтқым келмейді. Сондықтан сіздің сұрағыңызға дәл жауап бере алмаймын. Білетінім - Марченко халықаралық дәрежеде бағаланатын қаржы саласындағы ірі маман екені даусыз, жақсы танимын.

- Ассаламағалейкум Сайран аға! Кейінгі кезде әлеуметтік теңдік туралы көп айтылады. Біздің қазақ елін демократиялық-социалистік елге айландыруға бола ма? Бұрынғы дінсіз социализмге емес. Атам қазақта демократия болған, ақындар ханның алдында «бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ», деп шындықты айтқан. Сіздің пікіріңіз.

- Жоғарыда жауап берілді ғой деймін.

- Сәке! Бейбіт келген тәуелсіздік қадірсіз болғаны ма, қазақтардың аңсаған тіл тәуелсіздігі қашан болады деп ойлайсыз? Елбасы Жолдауында Еліміздің халық санын 2020 жылы 20 млн адамға жеткізіміз деп мақсат қылып отыр, егер шындап ойласақ ол мақсатқа бір-екі жылда да жетуге болады екен. Біріншіден, шетте жүрген 5 млн қазақты көшіріп алу оған байлығымыз да, қуатымыз да жетеді, екіншіден, бала туған қазақ әйелдеріне Ресейдегідей тым болмаса 500000 теңге төленіп тұрса, үшінші жолы басқа ұлттарды қазақ ұлтына сіңіретін саясатты қолдану. Сонда нақты демографиялық жарылыс болады деп ойлаймын. Қазағың көп болса, тәуелсіздігіміз де баянды болмақ. «Көп қорқытады, терең батырады» деген бабаларымыздың аталы сөздері болашақ ұрпақ біздер үшін айтылған ғой. Осыны сабақ қылайық. Сіз қалай ойлайсыз, Сәке.

- Пікіріңізге қосыламын. Бірақ 5 миллион қазақты көшіріп алуға қаржы болғанымен, ниет болмаса іске аспайды. Әуелі ниет деп Құранда айтылған.

- Құрылтайға баратын Қазақ азаматтарына айтар уәж

Қазір жасыратыны жоқ шеттен келген қазақты бөтенсу, олардың келуіне қоныстануы мен ел қатарына қосылуына бұрынғыдай еме,с көптеген қолайсыздықтармен кедергелір пайда болуда. Осы нәрселерді құрылтайға қатысушылар ашып айтып, біраз қордаланған мәселені биліктегі көпке жеткізсе, «бет көрсе жүз ұялар» деп аз да болса оңды өзгерістер бола ма деген үміт бәрімізде бар. Қанымыз бір Қазақпыз ғой тарихтағы ұлт басына келген нәубетке толы келеңсіз тарих Қазақты қазақтан, Қазақтың жерін бөліп алған алпауыттардың тарихи шындығын айтсын. Европаға кеткен қазақтан басқа қазақтар барса қазақтың жеріне барғанын кейін бөлініп қалғаны туралы тарихи шындықты айтсын, сол келеңсіз тарихтың бүгінгі ұрпаққа да салқынын тигізіп отарғанын көтеріңіздер.  Шеттен келген қазақты өгейсітіп сенімсіздікпен қараумен өзге ұлт өкілі құрлы қадірі болмаса арып, ашып мемлекет аттап көшіп қонып, тозғанша сол туып өскен жылы орнынан қозғамай-ақ қойсын. Қазақ еліне келіп, қазақ болып өз елім деп еркінсіп, өзімсініп жүрем-ау ,тілім, дінімнен алыстамаспын деген үміті қақпай көріп жатса, келгеннен не қайыр. Билік бұл қордаланған істі шешпесе, Қазақты сабылтқанын қойсын, сол жерде жасағандары да теріс болмас. Күндердің күні қазақтың мүддесі, ұлттығы Қазақтың ел бірлігі сөз болар болса, сонда қайта қолға алынсын. Оған дейін Қазақ болып қалуларын бір Аллаға тапсырсын басқа не айтамыз, құрылтайға қатысатын ардақты азаматтар нақты мәселені айтуға тырысыңыздар. Сіздердің арттарыңызда мыңдаған қара көз Қазақтың мұң-мұқтажы тұрғанын ұмытпаңыздар.

Сәке, ұмытып барады екенмін қызметің жемісті болсын қазақтар үшін еңбегіңіз сіңе берсін, қазақтар Ресейде, Қытайда, Моңғолияда, Өзбекстанда, Қырғызыстанда жердің қай түкпірінде болсын қазақтар, жоғарыда айтылған елдерде тұратын қазақтар ата -баба жерінде отыр, сондықтан олардың Қазақстандағы қазақтар туралы, Қазақ елі туралы айтылған пікірлері өте орынды «дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» деген бабаларымыз, біз соны түсінуіміз керек, мен олардың айтқан ойларын құп аламын. Машкевич т.с.с. «сылдырлар» қазақ азаматы болып жүр ғой... Не істеп жүр олар қазақ халқы үшін?! Сәлеммен Ерсин Ер Түріктің ұрапағы.

- Пікіріңізді мұқит оқып шықтым.

- Қазақтың нақты тарихи териториясы жайлы айтып бере аласыз ба? Ресейдегі Омбы, Орынбор оңтүстікте өзбек пен қырғызда, Қытыйдағы Алтай тарбағатай сияқты жерлеріміз бар. Себебі тарихшылар осыны нақты айтып жүрген жоқ.

- Айта алмаймын. Білімім жетпейді. Болашақ тарихшылар толық айтар.

- Біздің бір бабамыз (кешіріңдер, атын ұмытып қалдым)жер даулап келген қытайға ата-бабаларымыздың сүйегі жатқан обаларын көрсетіп, жеріміздің Алланың Адам атамызды жаратқаннан бері қазақтікі екенін дәлелдеп, еліміздің бүтіндігін сақтап қалған екен. Судың да сұрауы бар дейді, бізде де сондай бір ер туар, жетімдерін жылатпайтын, жесірлерін қорлатпайтын, елдігімізді асқақтатын, жерімізді арамдарға таптатпайтын. Басқа айтарым жоқ. Ерсин Түрік ұрпағы.

Қашан туар? Қазір жоқпа? Соқыр үміттің соңында жүре береміз бе, әлде.

- Менің ойымша, тумайды. Қазақ қашанда желмаяға мініп, жерұйықты іздеген халық қой. Көктен әділетті біреу түсіп келіп, жұмақ орнатады деп отырмай, өз қолымен дұрыс жүйе құру керек, ұрпақ үшін қарманып қалу қажет.

- Сайран Қадыр мырза, шет жерде жүрсеңіз де, сізді қайда болсын қазақтың баласының қаншалықты асуларға жете білетінін дәлелдеген азматтардың бірі деп құрметтеймін. Сіз өзіңізді елін сатқан сатқындардың баласынынң бірімін деп ойладыңыз ба? Себебі, мен бала кезімде сондай комплексте болдым. Өйткені, менің ата-анам 1962 жылы Қытайдан елге оралғандардың бірі екен. Мектепте класс жетекшіміз 9 май, 23 февраль мерекелерінде «сатқындардың балаларына» өнер көрсетулеріне рұқсат бермеуші еді. Оны ашық айтпайтын, бірақ мен оны сезетінмін. Мен мектептегі бүкіл 5 кластың ішіндегі жалғыз озат оқушы болғандықтан амалсыз ба, әлде, білмеймін қандай себеп, «жергілікті балалармен» қатар менің тұруыма мүмкіндік беретін. Мен сол күндер, сол мерекелер жақындағанда жан күйзелісімді ешкімге жеткізіп айта алмаймын. Ауырып қалатынмын. Әкемнен сұрай алмайтынмын, оның кінәсі жоқ, себебі ол сол жақта туылған, елден қашқандардың қатарына жатпайды ғой. Атам бозбала кезі екен, оның берген жауабы: «Балам, кім не десе, о десін, тыңдама. Алланың, туған жердің алдында әкем мен шешемнің ары таза. Қазақ баласының бір-бірін түсінетін уақыт келер», -деп, қысқа қайыратын. Ең өкініштісі, сол елді қорғаған, сатпаған қандастарымыздың ұрпағы неге қазір өз тілін менсінбей жүр,соны ойлайтын адам бар ма? Сол Ұлы мерекелер қайда? Қазақ баласы мың бөлікке (үш жүз, қазақ-орыс тілділер, қытайлық, моңғол, өзбек, орыс, исламшыл - нешен саласы, атеист, т.т.) бөлінбей, қырқыспай, бірлесе еліміздің болашағы үшін атсалысар жолды түсіндіре аласыз ба, Сайран Қадыр мырза?! Әрқашанда табысты болуыңызға тілек білдіруші жазықсыз жапа шеккен қазақ қыздарының бірі.

- Сіздің ішкі дүниеңізді әбден жақсы түсінемін. Бастан талай кешкен оқиға. Өте ұқсас. Жеке адамның еркі, бостандығы, құқын құрметтемейтін қоғамда мұндай сорақылықтар жалғаса береді. Әділетті қоғам құрған халықтар бар. Өркениетке жеткен халықтар бар. Қазақ соларға ере ме, жоқ па?, Үйрене ме жоқ па деген үлкен шешуші кезеңнің айрығында тұрмыз.

- Ассалаумағалейкум, Сайран мырза! Бірнеше сұрағым бар:

1. Сіздің ойыңызша Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының жұмысы нәтижелі болу үшін, жаңаша қандай бастамалар керек?

- Бәрібір жүзеге аспайтындықтан ешқандай бастаманың қажеті жоқ. Баяғы жартас - бір жартас.  Айғайласаң жаңғырықта шықпайтын бетон. Шеттеші қазақ өз күнін өзі көріп, өз жоғын өзі жоқтайтын жаңа ұйым құру керек.

- 2. Қазақтың ұлттық рухын оятып, құлдық психологиядан арылтып, орыстілділіктен алшақтату үшін нендей жолдар ұсынар едіңіз?

- Құлдық психология тек орыс тіліне ғана байланысты емес. «Bir lisan bir insan» дейді түріктер. Яғни, бір тіл - бір адам. Шет тілін білгеннің еш жамандығы жоқ. Бірақ, шет тілі ана тіліңнің орнын басса, ең үлкен қасірет. Моңғол жастары ағылшын, кәріс, жапон, неміс, қытай тілдерін жаппай үйрену нәтижесінде орыс тілін білетіндердің саны он пайыздан аспай қалды. Бұрын 70-80 пайызға баратын.

Ал, қазақ рухын ояту үшін өте көп іс-шара керек. Бұл туралы тағы да жеке әңгімелесерміз.

- 3. Көптен шет елде жүрсіз, саяси дипломатсыз, Қазақ елінің болашағы туралы сіз білетін мемлекеттер не дейді, саясаткерлер не болжайды? Ал бізде бәрі керемет!

-Хабардан көрсететін өмір - ең керемет өмір екенін білемін. Халықаралық аренада беделі өсіп келе жатқаны рас.  Көптеген елдер қазақ деген ұлт барын, Қазақстан деген ел барын біле бастады.

Алпауыттар оңай олжаның қоры ретінде қарайды. Экономикалық дамуы, жемқорлық, адам құқығы, сөз бостандығы жағынан қандай дәрежеде екенін айтпай-ақ қояйын. Интернетте дүниежүзілік сарапшылардың қортындылары толып тұр. Болшаққа болжам жасаушылар аз. Қазақстанның ішінде де, сыртында да барлығы бір кезеңді күтуде. Ол кезең бәріңе мәлім.

- Құрметті Елші мырза! Сіз кезінде 300 қазақ баласын шет елдерде оқыту арманым деуші едіңіз! Сол арманыңызға жеттіңіз бе?

- Шетте оқытқан қазақ баласының саны екі мыңнан асты. Саны бар, сапасы әлі төмендеу. Арман көп қой. Түбіне бәрібір жетпейсің.

- Сайран аға, қазақтың аяулы ұлы Болатхан Тайжан ағамыздың кітабында сіз туралы жақсы пікірлер, суреттер бар. Ол кісі туралы не айтасыз? Қандай байланыста болдыңыздар?

Бір бала

- Ерекше құрметтейтін аға, есімі үлкен әріптермен жазылатын асыл азамат еді марқұм, топырағы торқа болғыр. Қазақта ондай азамат екі айналып тумайды енді. Мысырда елшілік қызметті бірге атқардық. Қазатың тағдыры, болашағы туралы көп әңгімелесетін едік. Ойлары өткір, қазақ десе жанын беретін, біртуар тұлға еді. Бөкең туралы дайындап жүрген жеке әңгімем бар.

- Cайран аға! Қазақстанда күні бүгінге дейін қазақша тәулік бойы сөйлейтін телеарна жоқ. (балапан деген балаларға арналған телеарнаны есептемегенде) Моңғолияда қазақша телеарна мен радио бар ма? Болмаса ондайды ашу ойларыңызда жүрген дүние ме?

- Баян-Өлгейде қазақ радиосы да, телевидениесі де бар. Қосып ашу керек.

Әр қазақ, оралманы болсын, оралмағаны болсын өзі оқысын-тоқысын, өз ісіне мықты болсын, кәсіп қылсын өндіріс ашсын. Сонда оралғаны сіңеді, оралмағаны өседі өз елінде. Әр қазақтын баласы өз ісінің професионалы болу керек. Ал жоғарыдағыдай қырт-сыртты қазіргі жас қазақтар ұмыту керек деп ойлаймын. Аға буын жастарға ондай үлгісін көрсеткенін қою керек  Сіздің ше қалай, Сайран мырза?

Қайрат Жүкелұлы

- Толық қолдаймын.

- Сайран мырза, Ассаламуалайкум! Сіз Исматулла Мақсұммен хат алысып тұрғаныңыз, қоян-қолтық араласқаныңызда белгілі.  Сол ақсақал туралы пікіріңіз қандай?

- Қоян-қолтық араласпасам да ақсақалды жақсы білемін. Дін уағыздау бір басқа да наркомандарды тәрбиелеу бір басқа. Және де Пәкістан мен Қазақстан қоғамының айырмашылықтарын жете түсінбегеннен туындаған қателік деп түсінемін. Бүгінгі қазақ елінің ішкі қайшылықтарының құрбаны деп есептеймін.

Ассалоумағалейкум Сәке! Өткен ғасырдың басындағы күрескер Оспан Исламұлы мен сол ғасырдың соңындағы күрескер Қайрат Рысқұлов екеуінің күресінің, сол күрестердің саяси мәнінің ерекшеліктері туралы ойыңызды білсем бе, деп едім. Алдын-ала рахмет! сәлеммен Жүкел. Қ

- Қайраттар Оспанның жаңғырығы ғой Жүкел, әр заман өз батырын тудырады.

Сауал қойған барлық ағайынға Алла разы болсын айтамын. Қазақ аман болсын!

Соңы

0 пікір