Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Саңлақ 4560 0 пікір 12 Наурыз, 2019 сағат 18:14

Универсиада-2019: Қазақстан құрамасы 17-ші орын алды

Универсиаданың күміс жүлдегері Әсет Дүйсенов

Қазақстан студенттер құрамасы Ресейдің Красноярск қаласында өткен ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында алтын медаль ала алмады.

2 наурызда алауы тұтанған Универсиада ойындары бүгін мәресіне жетті. 56 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысқан ғаламдық додада біздің елдің атынан 95 спортшы өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар алтын медаль ала алмаса да, құрама қоржыны бос қайтқан жоқ. Ел спортшылары айтулы бәсекеде 4 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 17-ші сатыға тұрақтады.

Бірінші орында жарыс иелері Ресей (41 алтын, 39 күміс, 32 қола) құрамасы болса, екінші, үшінші орындарды Оңтүстік Корея (6;4;4) мен Жапония (5;4;4) спортлыраы иеленді.

ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар:  

Әсет Дүйсенов - күміс, шаңғы жарысы, спринт, (Қазақ спорт және туризм академиясы);

Шаңғыдан ерлер құрамасы (Әсет Дүйсенов, Олжас Климин, Никита Гридин, Иван Люфт) - күміс, эстафета 4х7,5 шақырым; Гридин Никита, Климин Олжас (А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті), Люфт Иван (Қазақ спорт және туризм академиясы)

Павел Колмаков - күміс, фристайл параллельді могул;

Элизабет Тұрсынбаева - күміс, мәнерлеп сырғанау, (Қазақ спорт және туризм академиясы);

Жанбота Алдабергенова - қола, фристайл могул, (Әл Фараби атындағы ҚазҰУ);

Шорт-тректен ерлер құрамасы (Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев) - қола, эстафета 5000м; Никиша Денис, Қажғали Нұртілек (Қазақ спорт және туризм академиясы), Жақсыбаев Мерсаид, Шамуханов Еркебұлан (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)

Шорт-тректен қыздар құрамасы (Алия Әмірғалиева, Хадиша Бақытткереева, Яна Хан және Алена Волковицкая) - қола, эстафета 3000м. Хан Яна, Волковицкая Алёна (Қазақ спорт және туризм академиясы), Әмірғалиева Әлия, Бақытгереева Қадиша (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512