Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 7072 22 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 13:05

Балаева көпбалалы отбасыларға 21 мың теңге жәрдемақы қалай төленетінін түсіндірді

ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева көпбалалы отбасыларға 21 мың теңге жәрдемақы қалай төленетіндігін түсіндірді.

«Бүгін мен үшін ерекше күн! «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесіне сайландым. Партияластарымның жоғары сенімін ақтауға тырысатын боламын. Осы орайда партия съезіндегі Мемлекет басшысы баяндамасының негізгі тезистерін айтқым келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі съезд - ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы. Іс жүзінде бүгін жаңа әлеуметтік доктрина ұсынылды десек те болады. Оның басты басымдықтары - бұл өмір сапасын арттыру және халықтың аз қамтылған тобына қолдау көрсету. Мені ең маңызды әлеуметтік бастамалардың осы жылдан-ақ жүзеге асырыла бастайтындығы қуантты», - деп жазды Аида Балаева Фейсбуктегі парақшасында.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бюджет саласының ең төмен жалақы алатын қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға (Олар санитар жұмысшылар, мейірбикелер, техникалық жұмысшылар және т.б.); атқарушы органдардың азаматтармен тікелей жұмыс істейтін төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен 25 пайызға  көтерілетін болады.

«Бұл мақсаттарға шамамен 980 млрд теңге бөлінеді. Әкімнің бұрынғы орынбасары ретінде бұл цифрлардың тасасында көптеген адамның әл-ауқатын жақсартуға деген үміті тұрғандығын білемін. Мемлекет басшысы айтқандай, реформаның нәтижелерін бүгіннен-ақ әрбір қазақстандық отбасы сезінуі тиіс. Дегенмен, меніңше, ең бастысы балаларға арналған төлемді көтеру жөніндегі шешім. Көпшілік үшін төлем тәртібі қалай айқындалатындығы түсінікісіз. Түсіндіруге тырысып көрейін. Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы бекітілген кедейшілік шегінен - 14,8 мың теңгеден немесе күнкөріс минимумының 50 пайызынан төмен азаматтарға көрсетіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кедейшілік шегі күнкөріс минимумының 70 пайызына дейін көтерілді және 20 800 теңгені құрайды. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылардың әрбір баласына 20 800 теңге аударылады дегенді білдіреді. Бүгінгі күні 4 және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған отбасы көпбалалы саналады. Егер көпбалалы отбасыда 4 бала болса, онда жәрдемақының жалпы сомасы 83 мың теңге болады. Ал егер анасы үйде отырса, онда оның атаулы әлеуметтік көмегі қосылады. Мұндай отбасының жалпы табысы шамамен 103 мың теңге болады», - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар ол мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршылар мен отбасыларға жәрдемақы 30 пайызға көтерілетіндігін атап өтті.

«Аз қамтылған отбасыларға арналған арнайы 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты бастама да қатты қуантты. Бұған қоса, тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемдерін берудің жеңілдетілген тетігі әзірленетін болады. Бұл аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуде проблемасын шешудегі маңызды қадам деп санаймын. Бұл жұмысқа өмір сапасының жаңа стандарттары жалдамалы баспана салу, заманауи жергілікті жолдар желісін дамыту, газ тарту, ауыз суға қолжетімділік сынды жаңа стандарттарды енгізе отырып, барлық өңір жұмылады», - деді ол.

Бөлім басшысының атап өтуінше, егер бұрындары автобандар мен республикалық маңызы бар жолдардың құрылысына назар аударылса, ендгі уақытта облысаралық және аудандық деңгейдегі автомобиль жолдарының желісі қарқынды дамытылады. Бұл облысішілік көлік қатынасының деңгейін жақсартып, азаматтардың күнделікті сапарларын жайлы қылады.

«Қорытындысында бұл өңірлердің экономикасына да, дамуына да септігін тигізеді. Бүгін айтылған барлық бастамалар қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына айтарлықтай үлес қосатындығына сенімім мол. Бұл ретте партия рөлі - халықпен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттердің жүзеге асырылуын мониторингілеу», - деді Аида Балаева.

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519