Жұма, 19 Сәуір 2024
3214 1 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 16:48

Польшада «Абай» мәдени-білім беру орталығы ашылды

7-ақпан күні Польшаның Свече қаласындағы Лингвистикалық-технологиялық университетте жастарға арналған «Абай» мәдени-білім беру орталығы ашылды. Оған Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің делегациясы қатысты.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жастар орталығын ашу туралы бұл бастама ҚРеспубликасы Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы тарапынан қолдау тапты.

- Орталықты ашудағы басты мақсат - әлемге қазақстандық мәдениеттің жетістіктерін таныту  – деді, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген өзінің  құттықтау сөзінде.

Оның айтуынша, қазіргі әлемдегі дамыған барлық елдерде мәдениет саласындағы саясаттың бірі - отандастарымыздың жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның ребрендингімен айналысуы, басқа елдердегі оның имиджін көтеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.

Шығыс қазақстандық университетте Абайтанудың бай дәстүрі мен Қазақстанға танымал ғалым Айжан Қартаеваның ғылыми мектебі бар, Абай ақынның ойларына арналған абайтану бойынша конференциялар ұйымдастырылуда, монографиялар мен ғылыми мақалалар жариялануда.

Сонымен қатар, орталықта Польша университетімен қол қойылған келісімде екі дипломдық білім беру, оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуы, біліктілікті жоғарылату мүмкіндіктері, ғылыми тағылымдамалар, екі университеттің ғалымдары бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру т.б. мақсаттарды көздейді.

Поляк университетінде орталықты ашу үшін ғимарат бөлінді, оның көркемделуі үшін Қазақстан туралы поляк, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде кітаптар берілді. Сонымен қатар қазақстандық делегация орталықты мәдени құндылығы бар алғашқы жәдігерлермен, яғни, павлодарлық мүсінші Дәурен Дошановтың «Абай» мүсіні мен суретші Әлібек Шоқановтың «Абай» атты суреттерімен толықтырылды.

Серіктес университеттің ректоры Эльжбетта Штернальға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген «Абай» атындағы медальды табыс етті.

Поляк серіктестердің жауапты қадамы ретінде Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында атақты поляк ғалымы, әлемге әйгілі астроном Николай Коперниктың атына  мәдени-білім беру орталығы ашылады.

Abai.kz

1 пікір