Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4055 3 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 16:03

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды

Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды. Бұл туралы Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылсын", - делінген жарияланған құжатта.

Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Президент тапсырмасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылды. Өз кезегінде, министрлік  мемлекеттік телеарналарды, радио мен баспа БАҚ-ты, интернет-ресурстарды жаңғырту бойынша жұмыстарды жүзеге асырды.

Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар салаларына қатысты заң жобасы қабылданған болатын.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530