Сейсенбі, 18 Ақпан 2020
46 - сөз 3130 14 пікір 31 Қаңтар, 2019 сағат 12:51

Біздің ғана шенеуніктер өтірік форумдардан жалықпайды

5 миллион 300 мың! Біздің елде, 15 жасқа дейінгі осыншама жасөспірім бар екен. Жалпы халықтың 30 пайызын құрайтын осыншама алапат аудиторияның бүгіні мен болашағына қатысты нақты қандай істер істеліп жатыр? Міне, мынадай-мынадай шаруа атқарылып жатыр,-деп кім тізіп бере алады?! Әй, қайдам...

Кеше ғана "жастар форумы" деп, 233 млн теңгенің басына су құйдық. Жастардың мәселесі жиналыс, форуммен қашан шешіліп еді? Біздің ғана шенеуніктер осындай өтірік форумдардан жалықпайды. Әрине, 233 млн тұрған жерде қайдағы жалығу?

Ал өңірлерде күн сайын былық шығып жатыр. Жасөпірімдер бірінің басына бірі секіруде. Оқушылар бір-бірін зорлап жатыр. Кішкентай қыздар көтеріп қап, оборт жасап жатыр. Жауапты министрлік, қаптаған жастар ұйымдары не бітіріп отыр?!

Нұрбек Бекбаудың facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір