Бейсенбі, 27 Ақпан 2020
46 - сөз 2771 17 пікір 31 Қаңтар, 2019 сағат 12:00

Сіз өткенмен мақтанбаңыз. Бүгінмен мақтаныңыз.

Асқар Жұмаділдаев:

Қазіргі дамыған заманда қазаққа технократ керек. Өйткені біз ертең сөз ұйқастығы, әдемілігімен алға шығып кете алмаймыз. Оны сіз мойындайсыз, мен мойындаймын. Балаңыз мойындамайды. “Ой, атамыз болтун екен”,- дейді. “Айта береді”,- дейді. Болды.

Біз немен мақтанамыз?! Қазір сұрасаң: “Ойбай, Шыңғысхан қазақ екен, ойбай, Адам ата қазақ екен, ойбай, Иса пайғамбар қазақ екен” дейді. Бұл нені білдіреді?! Бұл біздің ұлттың әлі дамып жетіспегендігін білдіреді. Бала деңгейінде екенін білдіреді. Бұл – провинциализм. Өйткені, бүгін мақтанатын ештеңесі жоқ, сондықтан өткенімен мақтанады. Сіз өткенмен мақтанбаңыз. Сіз бүгінмен мақтаныңыз.

Иса пайғамбар – еврей, Ассирия тайпасының бір тілінде сөйлегенін жұрттың бәрі біледі. Болды! Қазаққа “Боратсың” десе намысы келеді. Шындығында осындай санамен қайда барамыз. Себебі, біз Бораттың тірлігін қайталап отырмыз.

Міне, осыған жұрт назар аударсын. Қазақ тек ақындық өнермен озамын деуі – бос сөз. Ақындық қазақтан басқа ешкімге керек емес. Бұл “өлеңді таста” деген сөз емес. Ол “бүгінгі күннің кәсібін үйрен, жатпа, алға жылжы, позитив ізде” деген сөз.

Серік Абас-Шахтың facebook парақшасынан

Abai.kz

17 пікір