Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3224 0 пікір 25 Қаңтар, 2019 сағат 15:05

2010 жылдан бері Қырғызстанға шетелдіктер алты есе көп келген

Қырғызстанға штел азаматтарының келуі жиілеген. Бұл туралы үкімет отырысында Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрайымы Алина Шаикова хабарлады.

Оның айтуынша, 2010 жылмен салыстырғанда, Қырғызстанға келуші шетелдіктер саны алты есеге өскен. "2010-2011 жылдары елге 70 мыңға жуық шетелдік келсе, өткен жылы 450 мың адамнан асқан. Бұлар республикада тіркеуде тұрғандар ғана. Виза мен тіркеуден босатылғандар бұл статистикаға кірмейді", - деді Шаикова.

Ватикан, Лихтенштейн, Мальта, Монако, Бруней, Бахрейн елдерінің азаматтарына Қырғызстанда тіркелмеген. "Бәлкім, бұл елдердің азаматтарына алпыс күн жеткілікті болса керек", - деп түсіндірді қызмет төрайымы.

Статистика бойынша, Қырғызстанға келу үшін виза қажет емес 45 мемлекеттің ішінен Оңтүстік Корея, АҚШ және Германия азаматтары жиі сапарлаған.

Abai.kz

0 пікір