Жұма, 29 Наурыз 2024
Алашорда 7718 43 пікір 21 Қаңтар, 2019 сағат 14:59

Түркістан легионында шайқасқан сарбаздар сатқындар емес...

Жуырда Ресей баспасөзінде екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО мұсылман халықтарының  неміс рейхімен ынтымақтастығы туралы мақала жарияланды. Онда Кеңес әскери тұтқындарының ұлтшылдары құрған Түркістан легионы жайлы жазған поляк ұлтының өкілі Адам Качинскийдің деректері негізге алынған.

Бұл мақаланы “Караван” газеті “Казахстанский историк рассказала о воевавших за третий рейх казахах”  атты тақырыппен толықтыра түскен. Мақалада газет тілшісі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Сейсембекқызы Ахметовадан Түркістан легионы және ондағы қазақтардың рөлі жайлы пікірін алған.

Ләйлә Сейсембекқызының айтуынша, "Түркістан легионын құрған сол ұлтшылдар  өз антын бұзып, Отанына сатқындық жасағандар" дейді.

- Менің көзқарасым көптеген адамдарға ұнамауы да мүмкін: мен адамдарды құтқару керек екенін түсінемін, бірақ біздің сарбаздар өз елінің антын қабылдады. Аштықтан, суықтан және аурудан сақтана отырып, германдық Рейхтің антын қабылдап, олар өз антын бұзды. Сол кезеңнің көзқарасымен немесе қазіргі көзқараспен қарасақ та олар – Отан сатқындары. 

Әрине, бұл материалды "Караван" газеті өз мүдделеріне сәйкес жариялап отырғаны белгілі.

Ал, шын мәнінде Түркістан легионының мақсаты  –  Түркістанды орыс империясының зұлымдығынан азат етіп, Ұлы Түркістан мемлекетін құру еді. Және бұл ұйым тек түркі ұлттарынан құрылды. Кейбір деректерде, мұндай ұйым ашуды немістер 1933 жылы жоспарлаған деседі. Негізінен, Түркістан Легионы Шығыс легионының бір бөлігі болған. Ал, оның тізгінін ұстауды Мұстафа Шоқайға тапсырған. Алайда, ол келіспегендіктен, бұл орынға Уәли Қайюмды сайлайды. Түркістан легионының құрамында кеңес әскері жағында күресіп, тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттарынан құрылды. Сондай-ақ, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған.

Әрине, қазір екінші дүниежүзілік соғысқа басқаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Біріншіден, қазіргідей тәуелсіз кезеңде “Ұлы Отан”, “Ұлы Жеңіс” деген сөздердің еш мәні жоқ. Себебі, бүгінгі ұрпақтың ол “Отанға” еш қатысы жоқ.

Екіншіден, Кеңес одағының қазақ халқына жасаған отарлық езгісін есепке алсақ, сол кездегі Түркістан легионындағы сарбаздардың іс әрекеті сатқындық емес, өз ұлтын отарлықтан құтқаруға бағытталған батыл әрекет.

Үшіншіден, түркі жұртын түгел болуға үндеп, сол жолда күресіп өткен Мұстафа Шоқай кейбір орысқұлдар айтқандай сатқын емес, шын мәнінде, түркі ұлттарының азаттығын аңсап кеткен ұлт қайраткері.

Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, сол кездегі Кеңес одағының, оның саясатын жүргізіп отырған Сталиннің адамзат алдындағы қылмысы Гитлерден артық болмаса, еш кем емес. Ал, сол одақтың тұтас ұлтты жойып жіберуге бағытталған геноцид саясаты әлем тарихынан әлі де өз бағасын алар кез келеді. Солай екенін біле тұра біздің тарихшылардың ескі көзқараспен "рухани жаңғыра" алмай отырғаны қалай? Қашанғы Ресейдің айтқанымен жүріп, айтағына еруіміз керек?...

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

43 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3557