Жұма, 29 Наурыз 2024
3656 1 пікір 3 Қаңтар, 2019 сағат 10:29

Түркіменстанда алкоголь сатуға шектеу қоятын заң күшіне енді

Түркіменстанда 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қоятын заң күшіне енді. Жаңа ережеге сай, енді ұшақта, пойызда, паромда, спорт кешендерінде арақ-шарап сатуға тыйым салынады.

5,6 миллион халқы бар елде енді ұлттық мерекелерде де алкоголь өнімдерін сатуға болмайды. Ал 2021 жылдан бастап сенбі-жексенбіде барлар мен мейрамханалардан басқа жерде арақ-шарап сатуға шектеу қойылмақ.

Елді 2007 жылдан бері басқарып отырған Гурбангулы Бердімұхамедов 2025 жылға таман темекі сатуды шектейтін заң қабылдайтынын айтқан.

Соңғы жылдары елде әлеуметтік жеңілдіктер жойылып, жұмыс орындары жабылған. Өзге елге нәпақа табумен кеткен азаматтар саны ұлғайып, дүкендерде нан кезегі көбейген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616