Жұма, 29 Наурыз 2024
4187 1 пікір 25 Желтоқсан, 2018 сағат 14:50

«Хабар» арнасының жаңа жылдық бағдарламалары

«Хабар» арнасы жылдағы дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында көрермендерге мерекелік бағдарламалар әзірледі. Мейрам күндері отбасылық фильмдер, қызықты жобалар, концерттік бағдарламалар,  балаларға арналған базарлықтар  эфир ажарын аша түседі. 

28 желтоқсан күні сағат 21.30-да «Махаббат кафесі» картинасы алғаш рет телекөрермен назарына ұсынылады. Басты рөлдерде танымал әнші Ерке Есмахан және актер Шәріп Серік ойнайды. Фильмнің режиссері Асқар Ұзабаев. Отбасылық комедия желісі бойынша жолдың бойында «Махаббат» кафесі орналасқан. Қаладан қашып келген аспаз жігіт жасырынып жүріп, осы кафеге жұмысқа орналасады. Сөйтіп, Ерке екеуінің арасында сезім пайда болады. Олардың махаббатының немен аяқталғанын «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.

29 желтоқсан күні  (сағат 18.15) жылдың ең «Қызық премиясы» табысталады. Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек бастаған «Қызық Times» бағдарламасының шығармашылық ұжымы қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін, актерлер, жүргізушілер мен спортшыларды ең өзгеше жетістіктері үшін  марапаттады.

30 желтоқсан күні «Жыл таңдауы 2018» ұлттық музыкалық телевизиялық жобасы көрерменге ұсынылады. Бұл шараға жүзден аса өнер иесі қатысып, 12 500 адам тамашалаған болатын. Кешті Роза Рымбаева, Тәуекел Мүслім, Ләйлә Сұлтанқызы, Әмре, Мейіржан Төребаев, Дана Есеева, Аша Матай, Арман Қоңыр, Айгүл Мүкей, Рүстем Омаров және Мейірхан Шерниязов жүргізді.

Байқауда түрлі номинация бойынша 20 өнер иесі марапатталды.  Олардың арасында Айдана Меденова, Альбина Шардарова, Қуандық Рахым, Зируза, Alem band, Нұрболат Абдуллин, Нұржан Керменбаев, Бейбіт Кушкалиев, Әли Оқапов, Қанат Үмбетов, Мәдина Садуақасова, Luina және басқа әншілер бар. Денис Тен, Шерхан Мұртаза және Абдрахман Асылбекке арналған арнайы нөмірлер әзірленді.

Сондай-ақ кешке Түркия елінен Мурад Уапырак және Қырғызстаннан Айдана сынды әншілер қонаққа келді. Музыкалық жоба аясында «STAR FASHION SHOW 2018» сән байқауы өтті. Онда 16 дизайнер өз жұмыстарын ұсынған еді. Осынау қызықты жексенбі күні сағат 22.00-де тамашалаңыздар.

31 желтоқсан күні Виктор Гюго романының желісі бойынша түсірілген «Отверженные» сериалының бірінші бөлімі британиямен қатар көрсетіледі. Телесериалда XIX ғасырдың басындағы оқиғалар суреттеледі. Жан Вальжан – нан ұрлап сотталған қашқын. Ол ұзақ жылдардан бері полиция инспекторы Жаверден тығылып жүреді.  Жавер болса заңның әділдігіне сенеді, сондықтан қашқынды тұтқындау өмірінің басты ісі деп есептейді. Сонымен қатар картинада Жан Вальжан  үшін маңызды адамдардың бірі - Фантина есімді әйелдің қайғылы тағдыры да баяндалады. Оның некесіз туған Козетта есімді қызы бар. Фантина көз жұмған соң Жан Вальжан Козеттаны өз баласындай тәрбиелейді. Оқиға 1832 жылы Париж қаласында өткен Маусымдағы көтеріліспен дами түседі.

Картина режиссері - Том Шенклэнд. Сценарийін Л.Н.Толстойдың романы желісімен түсірілген «Соғыс және бейбітшілік» сериалының сценарийін жазған Эндрю Дэвис жазды.           Жан Вальжанның рөлін Доминик Уэст, инспектор Жавердің рөлін  Дэвид Ойелоуо, Фантинаны Лили Коллинз сомдайды.

Сонымен қатар 31 желтоқсан күні кешкі 22.00-ден бастап «Жаңа жылдық қарбалас» шоуы басталады. Оқиға Астаналық журналистер жиналған Қазмедиа орталығында өрбиді.  Бұл кеште журналистер ән салып,  Кәмшат Жолдыбаева полиция қызметкеріне айналады. Сондай-ақ концерт барысында қазақ эстрадасының ең жарқын жұлдыздары Мәдина Садуақасова, Ерке Есмахан, Әмре, Роза Рымбаева, Абай Бегей, Нуржамал Үсенбаева және т.б. өнер көрсетеді.

«Қош келдің, Жаңа жыл!», «Жаңа жыл кештері», «Жаңа жылдық астаналық қайрымдылық кеш» сынды көптеген жобалар да мереке күндері көрермен назарына ұсынылады.

Тағы Жаңа жыл қарсаңында кеңестік фильмдер, ең үздік кинолар мен балаларға арналған мультфильмдер де болады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544