Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3685 13 пікір 25 Желтоқсан, 2018 сағат 12:10

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің Қырымдағы саясатын айыптады

БҰҰ Бас Ассамблеясы сенбі күні Ресей аннексиялаған Қырым мен Севастопольдегі адам құқығы жағдайы туралы қарар қабылдады.

Украина ұсынған құжатты 67 ел, солардың қатарында АҚШ пен Еуропа Одағы елдері қолдаған. Ал қарсы дауыс берген 27 делегацияның ішінде Ресей, Беларусь, Қытай, Сирия, Сербия мен Венесуэла бар. 70 ел қалыс қалған.

Қарарда Қырымда адам құқығының бұзылатындығын және Ресейдің түбекте "басқару мен заңдарды заңсыз орнатуын" айыптаған.

БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл тәрізді қарарларды Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін бірнеше рет мақұлдаған. Қазіргі қарардың бұрынғылардан өзгешелігі, онда Ресей билігі тұтқындап, соттаған Украина азаматтары Олег Сенцов, Владимир Балух пен Эмир-Усейн Кукудің аты-жөндері аталған.

"Бас Ассамблея Ресей билігінің 2014 жылдан бері саяси астары бар қуғын-сүргіндер, соның ішінде украин режиссері Олег Сенцовтың ісіне де қатысты жалған куәліктерді азаптау әдісімен алатыны туралы хабарларға байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді" делінген қарарда. Құжатта сонымен бірге Ресей билігін Нельсон Мандела ережесін (тұтқындарға қарым-қатынастардың ең қажетті стандарттары) сақтауға шақырған.

Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин бұл құжатты "тек қана Ресейге қарсы бағытталған, жалған, екіжүзді және мазмұны жағынан мағынасыз" деп атаған.

Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырымды милитаризациялауға қарсы қарар қабылдаған.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімінен өзгешелігі - Бас Ассамблеяның қарары ұсыныс сипатында.

Ресей Қырымда 2014 жылы аннексиялап алған. Украина, Еуропа Одағы елдері мен АҚШ түбекті Ресей оккупациясындағы украин территориясы деп біледі.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3529