Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5581 11 пікір 24 Желтоқсан, 2018 сағат 07:35

Құрметті азаматтың құны - 1 миллион 250 мың теңге

"Қазақстанның құрметті азаматы"!

Ауылдың, ауданның, облыстың емес, тұтас Қазақстанның! Орден, медаль, марапаттың бəрін де белгілі бір ұйым ұсынатынын жақсы білесіздер ғой. Оның бүкіл құжатын өзің толтырасың.

Ал мынау ұйым ӨЗІ ұсынады. "Еңбегіңізді ескеріп" жатқанына қалай ғана риза болмайсың. Бірақ, марапаттау рəсіміне қатысқыңыз келсе, қолдау ретінде 1 миллион 250 мың теңге құюыңыз керек. Əуежайдан күтіп алады, бір тəулікке қонақүйге орналастырады, өзіңізбен бірге екі адам ерте келуіңізге болады (мынадай жаңалықты жұртқа жариялап, сүйінші сұрайтын да біреу керек қой), банкетте қалағаныңызша ішіп-жейсіз. Тек сол миллионыңыз болса...

Біз өлсек понттан өлетін шығармыз. Кезінде "Элизавета медалі", "Екатерина медалі" деген салпыншақтарды өз ақшасына сатып алып, Элизавета ханшайымның қолынан алып келгеннен бетер күпсінгендер болып еді.

Жалпы атаққұмарлығымыз сұмдық-əй. "Иттің итақайы алып жатқан "заслуженныйды" əлі алмадым" деп өмірден баз кеше жаздап жүргендер бар. Бір жапырақ қағаз үшін жан алысып, жан берісетіндер бар. Жарайды, алыпсың дейік. Содан? Құрметің артып кете ме?)

Егер Базарбек бауырымыз салған сурет рас болса, осы жолы кемі 242 адам алған ғой...

Жұлдыз Әбділда
11 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594