Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3740 0 пікір 2 Мамыр, 2011 сағат 05:51

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ II ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫНЫҢ АСТАНА ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

2011 жылғы 27-28 сәуірде Астана қаласында Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегацияларының қатысуымен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының II пленарлық отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар

-  2008 жылғы 21 қарашада Стамбул қаласында қол қойылған «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы туралы» Келісімді, 2009 жылғы 2-3 қазанда Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX Саммитінде қабылданған Нахчыван Декларациясын және 2010 жылғы 16 қыркүйекте Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшылары X Саммитінің Декларациясын жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екендігін,

- 2009 жылғы 29 қыркүйекте Баку қаласында өткен Түркітілдес елдер    Парламенттік Ассамблеясының бірінші отырысы осы органды қалыптастырудағы тағы бір қадам болғандығын,

- парламентаралық ықпалдастықтың мемлекетаралық қатынастардағы, оның ішінде саяси диалогты дамыту мен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті жағдай жасаудағы маңызын,

- түркітілдес елдер арасындағы тарих, тіл және мәдениет ортақтығына негізделген тығыз және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы Парламенттердің ерекше рөлін назарға ала отырып, темендегілерді мәлімдейді:

1. Парламенттік Ассамблея елдеріміздің саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы қарым-қатынастарын тереңдетудің және халықтарымызды одан әрі жақындастырудың маңызды құралы болып табылады.

2. Парламенттік Ассамблея қысқа мерзім ішінде Ислам Конференциясы Ұйымының Парламенттік Одағы мен Парламентаралық Одақта байқаушы мәртебесіне ие толыққанды парламентаралық құрылымға айналды.

3.  Парламенттік Ассамблея өз қызметінде өзге де түркітілдес елдердің Парламенттерімен арада жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

4. Парламенттік Ассамблея  шеңберінде тиісті шешімдерді қабылдауға жол ашатын тұрақты комиссиялардың құрылуы ықпалдастықтың жаңа сатыға қадам басуына мүмкіндік береді.

5. Парламенттік Ассамблея Түркітілдес  Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының, Түркі Академиясының және Ақсақалдар Кеңесінің тиімді жұмыс істеуіне жан-жақты ықпал етеді.

6. Парламенттік Ассамблея қазіргі заманның өзекті мәселесіне  айналған дағдарыстан кейінгі әлемді қайта құруда халықтарымыздың мүдделеріне сәйкес келетін жаңа ғаламдық экономика мен қаржы жүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүдделі.

7. Парламенттік Ассамблея түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 20 жылдығы осы елдердің жаңа тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын атап өтеді.

8. 2010 жылы Қазақстан Республикасының түркітілдес мемлекеттер ішінен алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі және түркітілдес мемлекеттер парламенттерінің ЕҚЫҰ ПА аясындағы белсенді қызметі, ең алдымен, біздің елдеріміздің халықаралық мәртебесін асқақтатуға және халықаралық қауымдастықтың Еуразиядағы орын алып отырған проблемаларды шешуге атсалысуына айтулы үлес қосты.

9. Парламенттік Ассамблея Қырғыз Республикасында жағдай біртіндеп қалпына келіп, ел даму жолына түскендігін атап өтеді және республикада заңдардың ұлықтылығы мен тиімді басқарудың қамтамасыз етілуін қолдайды.

10. Парламентік Ассамблея Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесіндегі болашақ төрағалығын құптай отырып, әлемнің түрлі мәдениеттері арасындағы түсіністік пен үндестіктің, мәдениетаралық өзара іс-қимылдар мен дінаралық сұхбаттың бейбітшілікті сақтаудағы маңызды құрал екендігін ескере отырып, оған жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі.

11. Парламенттік Ассамблея Әзірбайжанның мәдениетаралық диалогты дамытудағы үлесін атап өте отырып, мәдениеті, этносы, діни көзқарастары және мұралары бөлек топтар мен жеке тұлғалардың өзара түсіністік негізінде өткен ашық пікір алмасуларын құптай отыра, 2011 жылғы сәуірде Әзірбайжанда өткен Мәдениетаралық диалог жөніндегі бүкіләлемдік форумының ұйымдастырылуын жоғары бағалайды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір