Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2858 0 пікір 29 Қараша, 2018 сағат 15:36

ҮЕҰ халықтың денсаулығын сақтау саласындағы проблемаларды анықтау және шешу бойынша маңызды әріптес болып табылады

Бұл туралы VIII Азаматтық форумда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ҮЕҰ халықтың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы» тақырыбында сөз сөйлеу кезінде мәлімдеді.

Министр ҮЕҰ барлық өкілдерін еліміздің азаматтарының денсаулығын нығайтуға белсенді қатысқаны үшін жеке ризашылығын білдірді және ресми деректер бойынша 4 мыңнан аса ҮЕҰ-ның  6% (259 ҮЕҰ) азаматтардың денсаулығын қорғау бағыттары бойынша жұмыс істейтінін атап өтті. ҮЕҰ Министрліктің консультациялық-кеңесші органдарының жұмысына белсенді қатысады: бұл Қоғамдық кеңестің, Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның, формулярлық комиссияның, Бизнес Кеңестің, Цифрландыру жөніндегі сараптама кеңесінің жұмысы. Сондай-ақ Формулярлық комиссияның қызметіне белсенді қатысады, оның 20 отырысында ҮЕҰ сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі, шекті бағасын қалыптастыру және белгілеу мәселелерін қарады.

Бұдан басқа, ҮЕҰ өкілдері «СК-Фармация» ЖШС дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі конкурстық комиссиясының құрамына енгізілді. Оның нәтижесінде дәрілік заттарды сатып алу тізіміне қосу процесінің ашықтығы қамтамасыз етілді, дәрілердің бағасы 23% (175 атау) төмендеді, ОТӨ-мен жасалған шарттар санының 2 есеге өскенін атап өтуге болады» деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов Министрліктің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жаңа редакциясында бірқатар заңнамалық бастамалардың көздейтінін хабарлады. Оның негізгі бағыттары: медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесін орнатуды; медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейтуді; жекелеген жағдайларға (ана өлімі, аса қауіпті инфекциялар, резонансты жағдайлар) тергеу жүргізуді; клиникалық практикаға рұқсат беру жүйесін өзгерту және міндетті лицензиялау институтын енгізу; медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізуді; 2019 жылдан бастап оқытушыларды, бітірушілерді міндетті тәуелсіз бағалауды заңнамамен бекітуді; -аналардың егулерден, бас тартуы үшін жауапкершілігін, оның ішінде әкімшілік жауапкершілігін күшейтуді; қоғамдық орындарда темекі шегуге шектеу қоюды және темекі өнімдерін сауда орындарында шығарып қоюға тыйым салуды; 16 жасқа толмаған адамдарға олардың заңды өкілдерінің келісімімен медициналық қызмет көрсетуді көздейді.

Өзінің сөзін қорытындылай келе Елжан Біртанов Министрліктің ҮЕҰ-мен ынтымақтастығының әріптестік қатынастарға негізделгенін және сектораралық және салаларалық мәселелерді шешуге және әрбір адамның өзінің денсаулығы мен қоғамның денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін, мемлекеттік органдардың күштерін азаматтық қоғам институтымен біркітірмей еліміз үшін стратегиялық маңызы бар бір де бір реформа табысты және толық іске аспайтынын атап өтті».

Abai.kz

0 пікір