Жұма, 19 Сәуір 2024
3890 4 пікір 28 Қараша, 2018 сағат 11:41

Түркістан облысы жемқорлыққа қарсы!

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында Жемқорлықпен күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қалады деген болатын. Осыған орай, “Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер” жобасы аясында Елорданың жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату қажеттігіне де тоқталған болатын. Бұл бастама басқа өңірлерде де қызу қолдау тапты.

Мәселен, осы бағытта Түркістан облысында «Адал жол - Честный путь» марафоны өткізілген болатын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев арнайы қатысып, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтан эстафетаны қабылдап алды.

Ғалым Сұлтанұлы эстафета өткізудегі мақсат мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және деңгейін төмендету екенін атап өтіп, марафонға белсене қатысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар тапсырды.

Марафон аясында Түркістан қаласында жалпы 70-ке жуық іс-шаралар түрлі форматта, яғни, семинар-кеңес, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстел, кездесу, велошеру, автошеру, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға жалпы 10 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Естеріңізге салсақ, марафон Шардара ауданына бастау алып әрі қарай Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Арыс, Отырар, Кентау және Созақ, Бәйдібек аудандарында өтті.

Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.

Abai.kz

4 пікір