Жұма, 29 Наурыз 2024
Осы ғой енді... 3544 8 пікір 1 Қараша, 2018 сағат 09:33

Зейнет қорларындағы қаржы неге табысы тым күмәнді Әзербайжан банкіне салынады?

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаттарына!

Қазақстан Республикасының 

Премьер – министрі  Б.Сағынтаевтың,

ҚР ҰҚК  бастығы К.Мәсимовтың

назарына!

Қазақстан Республикасындағы зейнеті қорларындағы қаржылар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп барады. Біздің Үкімет қорда 8,9 трлн тенгеден астам қаржы бар дейді. (ағымдағы уақытта - 372/$1), Астана. 13 октября. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН).

Неге ол қаржылар биліктегі қорқау - жемқорлардың жемтігіне айналуы керек?! Неге бұл қаржылар шетелдіктердің басқаруларына берілуі керек? Осы елде басы істейтін, қор басқаратын дені сау адам қалмаған ба? Әлде ел басқарғандардың бәрі шетінен зейнеткер, демалғысы кеп қатты шаршап жүрген шалдар ма?! Неге бұл қаржылар елге керекті, халық тұтынатын тауарлар шығаратын зауыттар мен фабрикалар салуға жұмсалмайды? Неге бұл қаржылар айдаладағы, табысы тым күмәнді Әзербайжан банкіне салынады?

Осыны бақылайтын, қадағалайтын елде заң да, тиісті органдар бар ма өзі? Елдегі заңдардың өзін жемқорлар мен қанағатсыз кейбір биліктегі ұры-қарылар мен дардан қашқандар өздеріне асап қоюға, миллиардтап жеп қоюға ылайықтап алған ба? Бұл таусылмайтын не деген бардак?! Кім тәртіп орнатады? Зейнеткердің өзінің маңдай терімен тапқан ақшалары неге оған көзі тірісінде, ал өле кетсе неге мұрагеріне қайтарылмайды? Бұл заңды шығарып жүрген қай министр? Оны қолдап жүрген кім?! Президент, Парламент, Прокуратура қайда қарап отыр? Кім осы өзекті сұраққа жауап береді?!

Сәлеммен, Ілесбек Байжанов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584