Жұма, 13 Желтоқсан 2019
46 - сөз 1244 1 пікір 31 Қазан, 2018 сағат 12:45

Алаштың құрған концепциясы Кеңестің былжырағын он орап кететін тарихи құжат болды

Күні бүгінге дейін келмеске кеткен Кеңес жырын жырлап, мұңын мұңдап отырған шенеуніктер мен орысқұлдар елді адастыруға көшті. НұрОтаншыл болып байып, енді өткен күндерге ностальгиясы ойнап ойына келгенді істеуге арланбайтын болды.

Алашордашылдар туралы толғана жаза қалсаң, кірпіше жиырылып, посттардағы қанқұйлы комсомолын, пәрменшіл партиясын мақтаған жағымпаздар жазбасынан көз сүрінеді.

Алаш ұйымының ұлттық бағдарламасы алда-жалда жүзеге асқанда біз ел, ұлт ретінде осы күнімізден әлдеқашан алға кеткен болар едік. Түркиямен деңгейлес, тіпті озық болар ма едік деген арман көкейді тырналайды.

Тарихи құжаттар сөйлегенде, Алаштың құрған концепциясы Кеңестің былжырағын он орап кететін тарихи құжат болды. Мүмкін оқу, білім, ғылым өзгеше бағытпен, медицина ,экономика дамушы елдер санатында өлермендікпен өрге тырмысар еді.

Кеңестің қызыл империясы жолындағыны жалмап, керісінше әлжуаз елдерді тұралатып, аштыққа ұрындырып, тоз-тозын шығарды. Сөйте тұра комсомолды аңсап, партия деп ән сап отырған жарғақбастарды түсінбей далмын.

Өскелең ұрпақты адастырмайық. Ақиқат андыздап алдыдан шығатынын ұмытпауымыз керек.

Арман Жусанбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір