Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3433 1 пікір 30 Қазан, 2018 сағат 13:07

Картоп, есеп және миллион доллар

????????????????????????????????????

Танымал ирланд фотографы Кевин Абош бір аукционда картоптың фотосын $1 млн ақшаға сатады. Картоптың суретінен терең мағына байқап, бір бай сонша сомаға бағалапты. Негізі фотограф Абош жұлдыздарға фотосессия жасап, 150-500 мың доллардай алады екен, дегенмен картоптың фотосы ішіндегі ең рекорды.

2003 жылы ресейлік математик Григорий Перельман 100 жылдан бері дәленденбеген, 1000 жылдықтың Жеті қиын тапсырмасының бірі Пуанкаре гипотезасын дәлелдеп, 2010 жылы оның шешімі дұрыс деп табылады. Нобель сияқты математиктерге берілетін Филдс сыйлығы бойынша $1 млн сыйақы беріледі. Бір қызығы Перельман сыйақыдан бас тартады және менің білімім қаржылай марапаттан жоғары тұрады деп жауап береді.

Бірі — фотограф, екіншісі — математик, екі түрлі маман білімінің арқасында миллион долларға жетеді. Біреуі ақшаны ойланбай алып, жағдайын жасайды, екіншісі ғылым қуалап, қарапайым өмірді құп көреді.

Ақша табамын деген адам міндетті түрде бизнес ашпай, профессионал болса жеткілікті, ал бақытты болу үшін кейбіреулерге ақша да қажет емес...

Нұрлан Жанайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір