Жұма, 29 Наурыз 2024
3180 0 пікір 30 Қазан, 2018 сағат 10:07

Б. Сағынтаев JP Morgan Chase өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасы Джейкоб Френкель бастаған JP Morgan Chase International өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инвестицияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, компанияның жекешелендіру бағдарламасына қатысуы, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысы аясында қатысуы және АХҚО биржасы алаңында ұлттық компанияларды IPO-ға шығару мәселелері талқыланды.

JP Morgan Chase — ғаламшардағы бұрыннан келе жатқан конгломераттардың бірі және инвестициялық әрі коммерциялық банк қызметтері саласының көшбасшысы. 1799 жылы негізі қаланған. Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан, 260 мыңнан астам қызметкері еңбек ететін әлем бойынша офистері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616