Сенбі, 20 Сәуір 2024
3313 0 пікір 29 Қазан, 2018 сағат 16:11

Елімізде терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды

2018 жылғы 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Абай-ақпарат.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған.

Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Abai.kz

0 пікір