Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3208 0 пікір 29 Қазан, 2018 сағат 11:15

Тәжікстанда ІІМ бұрынғы бөлім бастығы 28 жылға сотталды

Тәжікстанның жоғары соты ішкі істер министрлігінің заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімінің бұрынғы бастығы Файзулло Гадоевты 28 жылға соттады.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, сот үкімі 15 қазанда шыққан. Гадоевқа “заңсыз есірткі айналымына қатысы бар”, "ірі көлемде пара алды", "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" және тағы екі бап бойынша айып тағылған.

Тәжікстанның жоғары соты экс-шенеуніктің мүлкін тәркілеп, мемлекетке беру туралы шешім шығарған. Ол мемлекеттік наградаларынан да айырылған.

Генерал-майор Файзулло Гадоев бес жылдан астам уақыт бойы ішкі істер министрлігіндегі заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімін басқарған. 2007 жылы басқа қызметке ауысуына байланысты бөлім жетекшісі қызметінен кеткен. Ішкі істер министрлігінде 1982 жылдан бері қызмет еткен.

Abai.kz

 

0 пікір