Жұма, 29 Наурыз 2024
5778 3 пікір 1 Қазан, 2018 сағат 11:03

Елімізде зейнетақы 2019 жылдың қаңтарынан бастап көбейеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың қаңтар айында ынтымақты зейнетақының индекстелетінін айтты, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстанда зейнетақыны индекстеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын және жылдың басында жүзеге асырылады. Ол инфляциядан 2 процентке алдыда жүреді, биылғы жылы біз бұл көрсеткішті 9 процентке жеткіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, индекстеу инфляцияның 2 процентімен қоса жүргізіледі»,-деді министр Парламент Мәжілісінде өткен жиыннан соң.

Оның сөзінше, базалық зейнетақының жаңа форматы оны 67 процентке көтеру дегенді білдіреді.

«1 млн-ға жуық зейнеткер базалық зейнетақыны ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 процент көлемінде ала бастады. Яғни, базалық зейнетақы олар үшін екі есеге артты. Жалпы, зейнетақы базалық, ынтымақты және жинақтаушы болып үшке бөлінеді. Ынтымақты зейнетақыны біз инфляцияны негізге ала отырып, 2 процентке артығымен индекстейміз. Ал базалық зейнетақыны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орташа алғанда 67 процентке арттырдық»,-деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақының деңгейі көршілес мемлекеттер мен ТМД-ға мүше елдердің қай-қайсысынан да жоғары екендігін атап өтті.

«Зейнетақының орташа мөлшері 3 компонентті қоса алғанда 101 мың теңгені құрайды»,-деп түйіндеді ведомство басшысы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622