Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Сатира 4590 2 пікір 1 Қазан, 2018 сағат 09:26

Бір министрмен сұхбат

Сықақ                                    

– Құрметті Министр мырза, радиомызға хош келдіңіз!

– Хош!

– Рұқсат етсеңіз, сұхбатымызды бастайық, а?

– Давай-те!

– Тыңдарман қауымға әуелі өзіңізді таныстырсаңыз.

– Сіз таныстырдыңыз, министр деп, - Всё! Мені Қазақстан весь знает, всё!

– Өмірбаяныңыздан қысқаша мағлұмат берсеңіз жөн болар еді.

– А, «өмірбаян», и «мағлұмат» не? Доклад и характеристика?

– Биографияңызды айтсаңыз.

– А-а, мен осында туған, өскен, мектеп, институт деп, содан аспирантура болды, Москвада, онда Советский Союз болды. Мен оқыдым, защитился, кандидат наук, содан сонда научно-исследовательский институтта болдым, жеті жыл. Сышыада төрт жыл болдым, работал по специальности. Казахстан независимый болды, шақырды, келдім. Екі жыл начальник отдела, үш жыл замминистра, а потом, министр, уже бір жыл... так... так... сегіз ай. Болды, бітті.

– Отбасыңыз туралы да айта отырсаңыз?!

– Отбасы? Ол не? Квартира да? У меня коттедж, двухэтажный.

– Отбасы дегеніміз – семья...

– Ол зачем? Жоқ, керек жоқ, зачем?

– Солай ма?

– Конечно! Мен.. ведь премьер-министр емес, президент те, пока, так что керек жоқ!

– Еркіңіз, министр мырза. Ендеше өзіңіз басқарып отырған министрлік туралы, яғни оның міндеттері, жоспарлары, табыстары, кемшіліктері бар  дегендей, тыңдармандарымызға жан-жақты айтып беруіңізді өтінемін.

– Пожалуйста! Біздің министр... біздің министерство, то-есть, қазір... еще молодой. Солай болса да, штат бар, жетеді, почти бір мың қызметкер, по республике көп, олар опытные, қандай задание болсын – жақсы орындайды. Олар көп  біледі, оқыған, істеген и істеп жүр. Как специалисты, жақсы, бары жақсы, просто.

– Негізгі міндеттеріңіз не?

– Негізгі міндет... значит,  основные задачи, да? Біз президентке, мемлекетке, халыққа служить етеміз. Мен пионер болды... значит... «Будь готов!» – «Всегда готов!». Комсомол болған. А біздің институтта военная кафедра болған, военный лагерьде болдым, а там, сіз білесіз, «Служу Советскому Союзу!» – дисциплина же! Бізде қазір дисциплина күшті, өте күшті! Айтылды – всё! Орындау керек – всё! Қазақстан үшін! Моральный жағдай, материальный жағдай тоже жақсы. Квартира, транспорт, еще что – бары жақсы! Менде бес  заместитель  бар, олар коттедждерде тұрады, мені екі иномарки: «Мерседес» и «Тойота» обслуживает, а орынбасарларда, ну, по должности...  екеуін үш авто, үшеуін екі авто обслуживают, тоже иномарки. Ол жақсы, тез, оперативно, быстро, главное – бары качественно орындалады.

– Кешіріңіз, сонда негізгі жұмыстарыңыз не?

– Сіз не, осында специально шақырасыз, а білмейсіз, что ли?

– Бәрін де өз аузыңыздан естігеніміз дұрыс дейміз де.

– Өз ауыз... причем ауыз? А мен айтып отырам! Облыстарда управлениялар бар, қалаларда, аудандарда подразделениялар бар. Олар без исключения жақсы істейді...

– Кешіріңіз, не істейді?

– Вы подождите, мен барын айтам. Облыстарда управлениялар бар дедім, олар полностью укомплектованы, кадр жетеді, қандай міндет бар – сразу орындайды, качествосы жақсы, вот что главное сейчас. Молодежь көп, оқыған, істеген, жақсы! Керегі, жақсысы – олар қандай міндет бар, дұрыс біледі, просто без подсказки орындайды, а это всех нас радуют просто! А аудандарда, а,  мен тағы айтайын, біздің министрде, то есть, өзімізде, облыстардағы управленияларда, аудандардағы подразделенияларда ветерандар да бар, олар керек, біз оларды жоғары ұстап, уважаем, оларда орден, медаль, почетные грамоты бар, и тағы болады. А аудандарда...

– Министр мырза, кешіріңіз, бізге бөлінген уақыт...

– Ой, қайда, қайда? Ну куда торопитесь? Ведь наш советский экспресс остановку «Коммунизм» давно проехал, давным давно, ха-ха-ха!..

– Министр мырза, ол түсінікті ғой, біздің тыңдармандар сіздің министрліктің немен шұғылданатынын түсіне алмай қалатын болды, жұмыстарыңыздың сипатын ашып айтып беріңіз.

– «Сипат?» Ол не? Качества что ли? Мен айттым, бары качественно, оперативно, тез, дұрыс деп айттым. А аудандарда не бар, қазір айтамын...

– Кешіріңіз, маған ескерту белгі берілді, бір-ақ минут уақытымыз қалыпты, ең соңғы сұрағымды қояйын...

– Давай-те!

– Сіз тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілінің, яғни қазақ тілінің мәртебесі дегенімізді қалай түсінесіз?

– «Мәртебе» что?

– Мән-маңызы, абыройы, беделі!

– А, конечно, конечно, ол жақсы, жақсы! Мен оны на сто процент поддерживаю! Школдарды двенадцать класс жасасақ, тіл, мәртебе и так далее бары жақсы болады. Самый жақсы, дұрыс – анлийский язык! Оны сразу, детсадтан оқу керек!

– Рахмет, министр мырза, сау болыңыз!

– До свидания! Келгенше!..

Ғаббас Қабышұлы

Abai.kz

2 пікір