Жұма, 19 Сәуір 2024
3696 0 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 15:38

Қ.Тоқаев: Парламент Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырады

Елбасы Н.Назарбаев өткен жылдың наурыз айында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты Қазақстан Халқына Үндеу жолдаған болатын. Ол Үндеуде - баспана мәселесін шешу, жұмысшылардың жалақысын көтеру, білім алудың сапасын арттыру, кәсіпкерлерді қолдау сияқты ел әлеуеті үшін өте маңызды бастамалар көтерілген. 

Ал, жуырда Парламент Сенатының Төрағасы Қасым - Жомарт Тоқаев Сенат Бюросының отырысында Парламент жоғарғы Палатасы жұмысының негізгі бағыттарын белгіледі.

Парламент Президенттің бес әлеуметтік бастамасын және кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды заң жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық және индустриялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған заң жобалары да бар. Ақтауда өткен Каспий маңы мемлекеттерінің V саммитінде бес мемлекеттің Президенттері қол қойған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция да ратификацияланатын болады. Жалпы алғанда қазіргі кезде Парламентте елуден астам заң жобасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тек Сенаттың қоржынында 8 заң жобасы болса, оның ішінде дін мәселелері, жарнама, стандарттау туралы құжаттар бар.

Бюро жұмысын аяқтай келіп Сенат Төрағасы депутаттар жұмысының сапасын арттыруға, сондай-ақ парламенттік бақылаудың рөлін күшейтуге әріптестерінің назарын аударды. «Әрбір парламенттік тыңдауда қабылданған ұсыныстардың орындалуы комитеттердің тұрақты бақылауында болуы тиіс», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір