Жұма, 26 Сәуір 2024
Саңлақ 4631 0 пікір 1 Қыркүйек, 2018 сағат 10:47

«Астананың» Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Елордалық «Астана» футбол клубы төртінші жыл қатарынан Еурокубоктық турнирлердің топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында «Астана» кипрлік АПОЭЛ командасын қос ойынның қорытындысы бойынша жеңіп, топтық кезеңге жолдама алды.

Ал кеше өткен жеребе тарту рәсімінде елордалықтар Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластарын білді. Жеребе тарту барысында екінші себетте болған «Астана» К тобында өнер көрсететін болды. Қарсыластары - киевтік «Динамо», франциялық «Ренн» және чехиялық «Яблонецпен».

Abai.kz

 

0 пікір